Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай Еңбек және Соғыс ардагері, Қазалы ауданының құрметі азаматы, «Мерейлі отбасы» жобасы республикалық конкурсының жеңімпазы, ғасыр жасаған Смағұл Қабақты еске алуға арналған шахматтан аудандық ашық турнир өтті.
Турнир жастар, ерлер мен әйелдер, ардагерлер арасында ұйымдастырылып, облыс көлемі бойынша барлығы 70-ке жуық спортшы қатысты. Тартысты өткен турнирдің ардагерлер арасындағы нәтижесі бойынша І орын қазалылық Әбдірейм Шүреновке бұйырды. ІІ орынды байқоңырлық Серік Имашов қанжығасына байласа, қазалылық Жанаман Айғара ІІІ орынды місе тұтты. Ал ерлер арасындағы нәтижемен І орынды Қызылорда қаласынан келген Нұрдәулет Таңатов иеленсе, ІІ орынды Қазалы ауданынан қатысқан Қабылбек Смағул иемденді. ІІІ орын байқоңырлық Нұрлан Қосбауленге бұйырды. Әйелдер арасындағы нәтиже бойынша қызылордалық Каусар Али І орынды жеңіп алса, Інжу Махмутбай ІІ орынды, қазалылық Рабиға Шаламан ІІІ орынды иеленді. «Ең үлкен ойыншы» номинациясы Сержанқожа Берденге, «Ең жас ойыншы» номинациясы Гаухар Серікқалиге табысталды.
Жүлдегелер ардагер Смағұл Қабақтың ұрпақтарының қаржылай сыйлықтарымен және аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Айнұр ӘЛИ

20 мамыр 2025 ж. 257 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031