Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белсенді жастармен «Абайдан аманат» кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды

Белсенді жастармен «Абайдан аманат» кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды

Қазақ халқының ұлы перзенті, дана ойшыл, сазгер, аудармашы, қазақ әдебиетінің классигі – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Жастар рухы» жастар қанатының Қазалы ауданындағы белсенділері «Кітап AMANAT» партиялық жобасы аясында «Абайдан аманат» атты кітап сыйлау акциясын ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жастар мен жалпы қоғам арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапты тәрбиенің, таным мен парасаттың қайнар көзі ретінде дәріптеу.
Акция барысында белсенді жастар бір-біріне Абай шығармалары мен көркем әдебиеттер тарту етіп, ақынның қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, қатысушылар Абай мұрасының бүгінгі күнмен үндестігі туралы өзара пікір алмасып, ой бөлісті.
Ұлы ақынның өнегелі өсиетін ұлықтауға арналған осындай рухани-танымдық іс-шаралар 180 жылдық мерейтойы аясында алдағы күндері де жалғасатын болады.

#AMANAT
07 тамыз 2025 ж. 277 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 257

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031