Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні

Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні

Фото: istockphoto
Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 
Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада он мыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктер мен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар.
Көлік саласының жалпы дамуына да теміржол саласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз ету, отандық өнімді экспорттау, жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын ұйымдастыру – осының барлығы теміржолшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Теміржол саласында жұмыс істеу – жауапкершілігі жоғары, тәртіп пен төзімділікті талап ететін мамандық. Бұл мереке – теміржолшылардың еңбегін бағалап, олардың қоғамдық маңызын айшықтайтын күн.
Теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған сала мамандарына мықты денсаулық, қауіпсіз еңбек және толағай табыс тілейміз.


03 тамыз 2025 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031