Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аптап ыстық, нөсер жаңбыр»: Бүгін ел аумағында күн құбылмалы болады

«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр»: Бүгін ел аумағында күн құбылмалы болады

Бұған атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы түрткі болады.
Фото: pexelФото: pexels.com

2025 жылғы 14 шілдеде Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстардың болжамына сәйкес, республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұған атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы түрткі болады.
"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпін алады деп болжанады.
Күндіз Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында сынап бағаны +35...+39 градусты көрсетіп, аптап ыстық болады деп күтіледі.
Түркістан облысында 14 шілдеде сынап бағаны +40 градусқа дейін, ал Маңғыстау облысында + 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.

14 шілде 2025 ж. 734 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031