Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 маусымға арналған ауа райы болжамы

1 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстар жайлы болжамға сәйкес, жексенбіде ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Фото: Pinterest.com
Синоптиктер жаздың бірінші күні, 2025 жылдың 1 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстар жайлы болжамға сәйкес, жексенбіде ел аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп күтіледі. Батыс өңірде жел күшейіп, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады", – дейді "Қазгидромет" РМК.

Атырау және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында және орталығында, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қостанай өңірінің солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Жамбыл өңірінің солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Түркістан өңірінің батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде және шөлейтті, тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Абай, Ұлытау облыстарында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
01 маусым 2025 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30