Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Банктер үшін тиімсіз": Сарапшы күзде кейбір ипотеканың жойылатынын айтты

"Банктер үшін тиімсіз": Сарапшы күзде кейбір ипотеканың жойылатынын айтты

Сарапшы ба­залық мөлшерлеме 16,5% деңгейде тұрғанда, 20%-дық шекті мөлшер­леме тым төмен деп санайды.
"Банктер үшін тиімсіз": Сарапшы күзде кейбір ипотеканың жойылатынын айтты
www.istockphoto.com

Ұлттық банк күзге дейін шегерген өзгерістер банктер үшін тиімсіз деген ойда. Себебі,  бұл шешім нарық құрылымын түбегейлі өзгертуге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан күзде банк талаптар күшейтіліп, кейбір ипотекалық өнімдер тоқтап қалуы ықтимал, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Aiqyn басылымы "Тұрғын үйдің бағасын «тұсаулау» кімге тиімді?" мақаласында жазды.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың айтуынша, ба­залық мөлшерлеме 16,5% деңгейде тұрғанда, 20%-дық шекті мөлшер­леме тым төмен. Өйткені 3,5 пайыз­дық айырмашылық несие тәуекелін де, операциялық шығындарды да жаппайды. Демек, банктер үшін мұндай ипотека беру тиімсіз.
– Егер күзде тиімді мөлшер­леменің шекті деңгейін төмендету туралы шешім қабылданатын болса, бұл нарықтық ипотекалық өнімдердің ұсынысын қысқартуға және/немесе несие беру талап­та­рын қатаңдатуға әкелуі мүмкін, – дей келе сарапшы аталмыш өз­герістердің құрылыс компаниялары және жалпы экономика үшін қан­дай тәуекелдер туындайтынына тоқталды.
Құрылыс компания­ла­ры үшін негізгі тәуекел – бас­тапқы нарықта төлем жасауға қабілетті сатып алушылардың азаюы. Өйткені бұл сегмент «на­рық­тық» ипотекалық өнімдер есе­бінен қолдау тауып отыр. Қазір ірі қалаларда жаңа тұрғын үй ұсынысы айтарлықтай көп, алайда ол мем­лекеттік бағдарламалар шартта­рына сәйкес келмейді. Яғни, ол не­гізінен нарықтық ипотекаға үміт­кер заемшыларға бағытталған. Егер шекті тиімді мөлшерлеме тө­мендейтін болса, мұндай клиент­тердің едәуір бөлігі несиелендіруге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Ал талаптар күшейтіліп, кейбір ипотекалық өнімдер тоқтатылуы ғажап емес, – дейді ол. 
12 шілде 2025 ж. 170 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 127

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031