Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығынға батқан кәсіпорындарға жеңіл несие берілмек

Шығынға батқан кәсіпорындарға жеңіл несие берілмек

Карантин кезінде табысынан айырылып, кәсібі көмескі тартқан ірі кәсіпорындар ғана 6 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлап, жеңілдетілген несиені алатын субъектілер тізімінің кеңейгенін мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігі бірлесе отырып, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындар тізімін бекіткен. Тәртіп бойынша, бір кәсіпорынға берілетін шекті несие көлемі – 6 млрд теңге. Орта және шағын бизнес үшін шекті мөлшер 3 млрд теңгеден аспау керек болса, жеке кәсіпкерлер 50 млн теңгеден артық несие ала алмайды.
Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен агроөнеркәсіп кешені кәсіпкерлері мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу үшін қосымша 200 млрд теңге бөлініпті. 200 млрд теңгенің 100 миллиарды агроөнеркәсіп кешені үшін шекті мөлшер болып бекітілген. Оның 70 миллиарды екінші деңгейлі банктер арқылы, 30 миллиарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілмекші. Тізімнің кеңеюіне байланысты бағдарлама атауы кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы болып өзгерген. Бөлінген қаражат 2021 жылдың 31 наурызына дейін игерілуі тиіс.
Ұлттық Банк ұсынған мәлімет бойынша, дәл қазіргі сәтте екінші деңгейлі банктер 567,4 млрд теңгеге 2311 өтінішті мақұлдаған. 1370 шағын және орта бизнес субъектісіне 455,3 млрд теңге бөлініпті. Оның 101,6 миллиарды бұрын берілген несиелерді қайтару қаражатынан алынған. Бөлінген қаражаттың көп бөлігі – сауда (319 млрд), құрылыс (44,9 млрд) және өңдеуші өнеркәсіптің (39,8 млрд) еншісінде.

23 қараша 2020 ж. 494 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031