Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Бекарыстан би ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, мәселелерін тыңдады.
«Диін бағында» өткен жүздесуде халық қалаулысы елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешу мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжілісте қабылданып жатқан заңдар мен бағдарламалар туралы ақпарат берді. Бюджет қаржысының игерілуіне қатысты да сөз қозғап, бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы басты талап екенін айтты. Кездесуде тұрғындар спорт кешенінің құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлу, ауылішілік жолдарды жөндеу, көпірлерді қалпына келтіру, денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде аулыға аурухана қажеттілігі туралы ұсыныстарын жеткізді.  Өз кезегінде депутат көтерілген әрбір мәселеге жеке жауап беріп, жауапты сала басшыларымен бірге шешу жолдарын қарастыратынын және бақылауында ұстайтынын айтты.  Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылып жатқан игі істердің аз еместігін атап өтіп, елмен етене араласып жүрген халық қалаулысына ризашылықтарын білдірді. Алдағы қызметіне сәттілік тілеп, баталарын берді.

#AMANAT
06 шілде 2025 ж. 102 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031