Ел астанасы Нұр-Сұлтан
Қазақстанда ерекше тойланатын мемлекеттік мерекенің бірі – Астана күні болып саналады. Бұл айтулы дата жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілді. Мемлекеттің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елдің жаңа астанасын орналастыру ісі қолға алынды. Оңтайлы қаланы анықтау мақсатында республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Нәтижесінде астана болуға лайықты ең қолайлысы Ақмола қаласы екенін көрсетті.
Елбасы өзінің “Еуразия жүрегінде” атты кітабында: “Ақмола Қазақстанның географиялық орталығы деуге болатын, Қазақстан экономикасының өрлеуінде жетекші де өскелең нүктелері болып отырған маңызды шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан. Қала ірі көліктік арналардың қиылысында, тоғыз жолдың торабында тұр. Бұдан басқа, қала Қазақстан үшін көптеген шет елге шығудың мейлінше төте жолы – трансеуроазия арналарына таяу қоныстанған”, – деп жазған.
1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. 1997 жылы 20 қазанда Елбасы астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қояды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді. Бір қызығы, сол кездегі деректер бойынша Астана халқының саны 290 мыңдай ғана болған.
Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Тарихи күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келді. Кейін парламент депутаттары арқылы заңға тиісті түзетулер енгізіліп, бұл мемлекеттік дата 6 шілдеге ауыстырылды.
Өткенге көз жіберсек, елорданың атауы бүгінге дейін бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. Атап айтсақ, алғашында 1832 жылы Есіл өзенінің жағасындағы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болды. 1863 жылы Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланып, 1960 жылы еліміздің солтүстік облыстары кіретін тың өлке орталығына айналды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді.
1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып ресми өзгертілді. Сонымен қатар Астана қаласында Сарыарқа және Алматы аудандарын құру туралы Жарлық шықты.
2019 жылдың көктемінде елорда атауы тағы ауыстырылды. Қазақстанның Президенті 2019 жылы 20 наурызда ұлықтау рәсімінде ел астанасын республиканың Тұңғыш Президентінің құрметіне Нұр-Сұлтан деп атау ұсынысын жеткізді. Бұл парламент пен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауына ие болды. Мемлекет басшысы 23 наурызда тиісті жарлыққа қол қойған соң елдің бас қаласы – Нұр-Сұлтан аталды. Қазір Еуразия жүрегіне баланатын Нұр-Сұлтан қаласы әлемдегі әсем астана қатарына жатады. Мұнда жыл сайын шетелдерден келген туристердің саны толастамайды.

Дайындаған А.ҚАЗМАҒАМБЕТОВА