Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
Шілдеде қазақстандықтарды 22 жұмыс және 9 демалыс күні күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" заңына сәйкес 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан, ол күн демалыс болып саналады. 2019 жылы 6 шілде сенбі күніне түскендіктен, демалыс күні 8 шілдеге ауысады. Яғни дүйсенбі күніне. Сондықтан бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар үш күн демалады. Яғни 6-8 шілде аралығы.
Айта кетейік, Астана күні - Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды.
kaz.tengrinews.kz