Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет: меже – айқын, міндет – ауқымды

Мәдениет: меже – айқын, міндет – ауқымды

Ұлт руханияты жаңғырған қазіргі шақта мәдениет саласының қызметкерлерінің қоғамда алар орны айрықша. Олар – ұлттың түп тамырын тануына, бүгінгі жаһандану змаманында өз болмыс-бітімін жоғалтпау жолында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқаруда. Аудан мәдениетінің бұл бағыттағы жұмысы байыппен атқарылуда. Әсіресе Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің ұйымшыл ұжымы аталған саланың алға адым басуына жұдырықтай жұмылып келеді. Бүгінде кент тұрғындарының көңілінінен шыққан мәдени мекеннің атқарған ісі ауқымды, жоспары жұмыр. Ендеше, толығырақ тарқатсақ.
Әлбетте, кенттік мәдениет үйі халыққа мәдени қызмет көрсету бағытында нақты жоспармен жұмыс істеуде. Халықтың рухани сұранысын қанағаттандырып, бос уақытын тиімді пайдаланып, түрлі мерекелік шаралар мен үйірме жұмыстарын да ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ ел ішінде талантты жастардың шығармашылық шыңдалуына жол ашып қоймай, музыкалық мәдениет пен өнерді жандандыруға күш салуда.
Сонымен бірге жастар мен жасөспірімдерді патриоттыққа, отансүйгіштікке баулуда, ұлттық өнер мен салт-дәстүрімізді жаңғырту, Президент Жолдауын насихаттау және Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы мәдени-көпшілік жұмыстарды да бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуде.

Самат Әбілов басқаратын бұл кәсіпорында бүгінде штат саны – 19,5-ті құрайды. Мәдениет үйі жанында 6 үйірме, 1 халықтық ұжым жұмыс істейді. Солардың бірі – ән үйірмесі. Бұл үйірмеге кәсіпорынның музыкалық жетекшісі Рақымжан Мақсатбаев жетекшілік етеді. Ал үйірмеге 10 адам қатысады. Мұнда өнерге талпынған таланттар дауыс дағдысын дамытып қоймай, вокалдық тұрғыда жетіліп, музыкаға машықтанады.
Биге икемі бар балаларды білікті маман Жанат Қазбиева үйретіп жүр. Бүгінде ол жетекшілік ететін би үйірмесіне 35 бала қатысып, бекзаттық өнерді бойына сіңіруге белсенділік танытып отыр.
Ал драма үйірмесіне Еділ Нағыметов жетекшілік етіп, жұмысын жандандырып келеді. Ол балаларды сахна мәдениетіне тәрбиелеп, сөйлеу тілін дамытуға дәнекер болып қоймай, дара өнерді дамытуға ерекше ден қойған. Үйірмеге қатысуға ниет білдіргендер саны әзірге 6-у.
Жеткіншектерді жыр-термеге дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі, кәсіпорынның аккомпонияторы Әлібек Айдар даярлайды. Үйірме жетекшісі 6 баланың қолына домбыра ұстатып, құлағына ұлттық құндылықты құйып, өлмес өнерді өскелең ұрпақтың бойына дарытып жүр. Ал жеткіншектерді ақындық өнерге баулуда Бауыржан Ізмағанбетов байыз тапқан емес. «Жас ақындар» үйірмесіне 6 адам қатысып, сиқырлы сөз өнерінің сырын ашуға септесіп жүр. Сондай-ақ баланың бойындағы дарынын одан әрі дамытып, шығармашылығын одан әрі шыңдауда.
Шынын айту керек, Әйтеке би кенттік мәдениет үйін аудан жұртшылығы оның жанынан құрылған түрлі ансамбльдер арқылы жақсы таниды. Мәселен, тыңдармандарын әуезді әндерімен баурап, ұлттық аспаптарды насихаттап жүрген халықтық «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблінің мәдениет ошағының ғана емес, аудан тұрғындарының мерейін тасытып жүр. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Ерпазыл Жүсіпов, сүйемелдеушісі Кенже-Әлі Асқар. Құрамында – 14 қатысушы бар. Ал толық құрам 91 адамды қамтиды. Кенттік мәдениет үйінің директоры Самат Әбіловтың айтуынша, «Атамұра» ардагерлер халықтық көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері жыл басынан бері түрлі деңгейдегі байқаулар мен мәдени-көпшілік шараларда төбе көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр.
«5 аймақ» вокалды инструменталды аспаптар ансамблі де талайды тәнті етіп жүрген топтардың қатарында. Жетекшісі – Ақберген Есекеев. Ансамбльді 10 адам құрайды. Бүгінде бұл ансамбльдің де аудан мәдениетіне қосып жатқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай.

Биыл кенттің мәдениетінде жемісті жетістіктер жетерлік. Табысты басталған жыл бүгінге дейін жарқын жетістіктерге жетелеп келеді. Мәдениет мамандары ұсынған мәліметке сенсек, 2025 жылдың 6 айында 24 аудандық байқауға қатысқан. Айтуларынша, аталған байқауларда 202 өнерпаз бақ сынапты. Өнер бәсекесінде 3 өнерпаз бас жүлдені жеңіп алса, 6-уы бірінші орынға ойысқан. Ал тағы 6-уы екінші орынды еншілеп, 10 адам үздік үштіктің қатарынан табылағн. Сондай-ақ 6 адам арнайы бағанға ие болған. 23-і ынталандырылса, 6 өнерпаз жолдамаға қол жеткізген.
– Таланттарымыз жыл көлемінде ұйымдастырылып жатқан шығармашылық байқаулардан барынша қалмай, қатысуға тырысады. Жыл басынан бері аудандық байқауларды есептемегенде, өнерпаздарымыз 11 облыстық байқауда бақ сынады. Оған 53 адам қатысып, түрлі деңгейдегі жетістіктерге жетіп үлгерді. Мәселен, облыстық байқаудан алған 1 бас жүлде, 3 екінші орын, 3 үшінші орын, 8 алғыс хатты жетістіктер қоржынына қостық. 28 өнерпаз өнерін таразыға салған республикалық және халықаралық 3 байқауда 2 бас жүлдені де қанжығамызға байлап, жүлде қорын одан әрі толықтырдық, – дейді кенттік мәдениет үйінің директоры Самат Әбілов.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Мемлекет басшысының «Адал азамат» Тұжырымдамасы аясында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы негізінде әр бағыттар бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, «Art уақыт» жобасы аясында түрлі деңгейде үйірме мүшелерін тарта отырып, мәдени-көпшілік шаралар мен байқаулар, сондай-ақ апта сайын үйірме сабақтары өткізілуде.
«Сұхбат ТІМЕ» жобасы аясында аудандағы танымал тұлғалармен әдемі әңгіме өрбіп, сүбелі сұқбаттар жүргізілуде. Сондай-ақ «Креативті HUB» бағыты бойынша да атқарылған жұмыстар ауқымды. Аталған бағыт аясында ұлттық нақышты ұлықтап, қолөнер шеберлерінің жұмысын насихаттап қоймай, өнімді жергілікті деңгейде өткізу жолын қалыптастыру да жолға қойылған.
Сонымен бірге кино-бейне жұмысын жандандыру мақсатындағы «Кино TIMЕ» жобасы да жүйелі жүзеге асуда. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған бұл жоба аясында жеткіншектер мен жастардың назарына кино көрсетілімдер, ұлттық құндылықты бейнелейтін қазақ ертегілері жиі ұсынылуда.
«Жанұя шуағы» жобасы аясындағы істер де ілкімді. Жоба барысында отбасылық құндылықтар, «алтын, күміс» алқа иелері, мерейлі, өнегелі отбасыларды дәріптейтін шаралар, дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылуда. «Еріктілер тобы» жобасы аясында мәдениет үйінің ерікті жастарынан жасақталған «Мейірім» еріктілер тобы қайырымдылық шараларында белсенділік танытып қоймай, тазалық жұмыстарына білек сыбана қатысып, жергілікті жұртқа қолғабыс болып жүр.

Ал «Әлем ВООК» жобасы жұртшылықтың рухани шаралардың ортасынан табылуына жақсы жол ашып отыр. Түрлі деңгейдегі рухани-мәдени шаралар, кітап көрмелері мен дөңгелек үстел өткізіліп, көпшіліктің көңілінен шығуда.
«Жоғарыда аталған шаралар есеп үшін емес, ел үшін жасалып жатыр» деген Самат Әбілов көптің көңілінен шығатын мәні мен мазмұны келіскен шаралар күнтізбе бойынша жалғасатынын айтты.
– Әйтеке би кенттік мәдениет үйі – талай таланттарды түлеткен ордалы өнер ошағы. Толағай табысқа жетудің трамплиіне айналған бұл мәдениет мекенінің көздеген межесі бұдан да биік. Өнер баспалдағын кент сахнасынан аттаған әрбір талантқа қолдау көрсетіп қоймай, тұрғындардың талғамына сай тың дүниелерді ұсынуға, сондай-ақ ұлт ұстынына айналған төл өнерімізді одан әрі түлетіп, насихаттау, сондай-ақ аудан мәдениетін көтеруге бағытталған жұмыстар алдағы жартыжылдықта да жалғасын табады, – дейді Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің директоры Самат Әбілов.
Байқап-бағамдағанымыздай, аудан мәдениетін арттыруға бағытталған меже айқын, атқарылар міндет те ауқымды. Ел мүддесіне қызмет еткен мәдениет майдалмандары мақсатына жетіп, жыл соңында тағы да жетістік желкенін желбіретеді деп бек сенеміз.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
05 шілде 2025 ж. 33 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031