Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылдыққа тәртіп бұзғаны үшін 275 адам ұшақтан түсірілген

Биылдыққа тәртіп бұзғаны үшін 275 адам ұшақтан түсірілген

Сонымен қатар олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Фото: istockphoto.com
2025 жылдың алғашқы алты айында көлік полициясы 638 тәртіп бұзушыны пойыз бен әуе рейсінен түсіріп, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Polisia.kz порталы жариялады, деп хабарлайды Аikyn.kz.
Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтың айтуынша, қаңтар-маусым айлары аралығында қоғамдық тәртіпті бұзған 363 адам жолаушылар пойызынан, ал 275 адам ұшақтан түсірілген.
– Соңғы деректердің бірі 2 шілде күні Астана халықаралық әуежайында тіркелді. "Стамбул – Астана" рейсімен ұшып келген 40 жастағы Греция азаматы бортта тәртіп бұзған. Полицияның мәліметінше, ол ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккен. Әуе кемесінде темекі өнімдерін тұтыну – заңмен тыйым салынған. Бұл әрекеті үшін шетел азаматына 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 196 600 теңге айыппұл салынды, – деді полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов.
Көлік полициясы азаматтарды қоғамдық көлік құралдарында тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе ұшақ пен пойыз секілді көлік құралдарында борт қауіпсіздігі – басты басымдық екенін еске салады.
04 шілде 2025 ж. 288 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031