Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жыл басынан бері 39 адам әуерейстерінен түсірілді

Елімізде жыл басынан бері 39 адам әуерейстерінен түсірілді

Елімізде жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 адам әуерейстерінен түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратPolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздің көлік полицейлері осы жылдың басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 39 азаматты әуерейстерден түсірді, оның 16-сы алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде болғаны үшін, 5-уі әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін және тағы да басқа теріс қылықтар үшін түсірілген.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов хабарлады. Оның айтуынша, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілдерінен «Түркістан – Астана» бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама түсті. Әуе кемесі Астанаға ұшып келісімен жолаушы әйел акт бойынша полицейлерге берілді.

«Тексеру барысында көлік сақшылары масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Түркістан қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынды», - деді Д.Молдаханов.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың әуе кемесінің бортында мінез-құлық ережелерін бұзуы қалған жолаушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
26 қаңтар 2023 ж. 341 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 137

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 142

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 146

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 129

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 127

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 143

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031