Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көші-қон ережелерін бұзған 80 шетелдік азаматқа айыппұл салынды

Көші-қон ережелерін бұзған 80 шетелдік азаматқа айыппұл салынды

Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда 11-13 желтоқсан аралығында қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды алдын алу мен тоқтату мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш күн ішінде әуе және теміржол көлігі нысандарында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1222 адам жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:

Ұсақ бұзақылық үшін – 5,
Ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін – 84,
Тыныштықты бұзғаны үшін – 7,
Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін – 95,
Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін – 32,
Теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін – 807,
Теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін – 77 адам жауапқа тартылды.
«Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 80 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз теміржол көлігінің нысандарында жүрген 27 кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың 16-сы арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды», — деп мәлімдеді Транспорттық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
15 желтоқсан 2024 ж. 288 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930