Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Ауыл аманаты" жобасы аясында кездесу өтті

Қазалыда "Ауыл аманаты" жобасы аясында кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымын кеңейтуді тапсырған «AMANAT» партиясы мен Үкімет бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша бүгін Қазалы ауданында кездесу өтті.

Кездесуге ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер мен мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық жұмысшы тобының өкілдері, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, басқа да салалық бөлім, мекеме басшылары, кент, қала ауылдық округ әкімдері мен жобаға қатысуға қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты.

«Кездесудің басты мақсаты – «Ауыл аманаты» жобасының маңыздылығын түсіндіру, әсіресе ауылдық жерде кооперативтер құру арқылы тұрғындардың табысын арттыру мүмкіндіктерін кеңінен қарастыру. Бұл ауыл экономикасын дамытуға арналған жүйелі әрі ұзақ мерзімді қолдау құралы», – деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев.

Жиын барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды іске асыру жолдары, қаржыландыру көздері, мемлекеттік бағдарламалармен өзара байланысы туралы ҚР Үкіметінің жанындағы Өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсенің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Индира Ақжігітова жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жұмысшы топтың өзге де мүшелері жобаның шарттары, артықшылықтары мен ауыл кәсіпкерлері үшін беретін нақты мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.

Өз кезегінде әкімдер мен басқа да қатысушылар тарапынан жобаға қатысты түрлі сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

#AMANAT
01 шілде 2025 ж. 100 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031