Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазда улану жиілейді: маман маңызды кеңес берді

Жазда улану жиілейді: маман маңызды кеңес берді

Фото: depositphotos.com
Жаз - демалыс, серуен және саяхат маусымы. Алайда дәл осы кезде ішек инфекциясының таралу қаупі күрт артады. Бұдан қалай қорғануға болады? Бұл туралы Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының эпидемиологы Зүлфия Еламанова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ішек инфекциясын бактерия (сальмонелла, шигелла, ішек таяқшасы), вирус (ротавирус, норовирус) немесе паразит қоздырады. Инфекция көбіне лас қол, сапасыз тамақ, ластанған су арқылы жұғады.

Қауіп тобына ең алдымен балалар, егде жастағы және иммунитеті әлсіреген адамдар жатады.Ең қауіпті кез - мамырдан қыркүйекке дейінгі уақыт. Мұның бірнеше себебі бар:ыстық ауа райында тағамдағы микроб тез көбейеді;
табиғат аясындағы демалыста гигиеналық талап сақталмауы;
ластанған су қоймасында шомылу;
қайнамаған су ішу немесе жуылмаған жеміс-жидек жеу.
Мына белгілер байқалса, инфекция жұққан болуы мүмкін:

іш өту;
жүрек айну, құсу;
іштің түйіліп ауыруы;
қызу көтерілуі, қалтырау;
жалпы әлсіздік.
Мына белгілер байқалса, дереу дәрігерге жүгініңіз:

қызу 38,5°C-тан жоғары;
нәжісте қан немесе шырыш болуы;
жиі құсу және сұйықтықтан бас тарту;
ауыздың кебуі, сирек зәр шығару, ұйқышылдық;
"Өз бетінше емделмеңіз. Диареяға қарсы дәрілер ағзадағы уыттың (токсиннің) шығарылуын тежеп, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ең дұрысы - көп сұйықтық ішу (таза су, регидратациялық ерітінді), ауыр тамақтан бас тарту және міндетті түрде дәрігерге қаралу", - деп түсіндірді Зүлфия Асқарқызы.

Аурудың алдын алудың қарапайым жолы:
тамақ ішер алдында, дәретханадан және көшеден кейін қолыңызды жуыңыз;
тек таза, қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
гигиеналық талапқа сай келмейтін көше тағамынан бас тартыңыз;
ластанған су айдынында шомылмаңыз;
жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуыңыз;
тағамды дұрыс сақтаңыз: күн астында қалдырмаңыз, ет, балық пен жұмыртқаны дұрыс пісіріп жеңіз.
30 маусым 2025 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30