Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болды

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болды

Елімізде өткен тәулікте 2500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ақпаратты Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналында жария етті.

Аймақтар бойынша жазылғандардың саны келесідегідей: Нұр-Сұлтан қаласы - 352 Алматы қаласы - 148 Шымкент қаласы - 204 Ақмола облысы - 327 Ақтөбе облысы - 241 Алматы облысы - 290 Атырау облысы - 83 Шығыс Қазақстан облысы - 83 Батыс Қазақстан облысы - 110 Қарағанды облысы - 297 Қостанай облысы - 21 Қызылорда облысы - 134 Маңғыстау облысы - 48 Павлодар облысы - 99 Солтүстік Қазақстан облысы - 20 Түркістан облысы - 43 Қазақстан бойынша жазылғандар саны 320241 адамды құрап отыр. Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз. "Ішек инфекциясы фекальды – оральды жолмен, яғни адамнан адамға кір қолдан немесе жуылмаған жеміс-жидек, тамақ арқылы жұғады. Ал, коронавирус инфекциясының бірнеше таралу жолы бар. Атап айтар болсам, фекальды – оральды және тыныс алу жолдары арқылы. Аурудың алғашқы күні екеуінің белгілері ұқсас болуы мүмкін. Іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетің болмауы, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік. Коронавирус та дәл осылай басталады", - деп түсіндірді ол.

18 мамыр 2021 ж. 127 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031