Дөңгелек үстел өтті

Маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазалы аудандық Руханият орталығының Аудандық орталық кітапханасы мен Қазалы ауданының әйелдер кеңесінің бірігуімен «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің ролі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік қызметшілер Отанға қызмет ету мәдениеті мен елге қызмет ету әркімнің өзіне жүктелген міндеттерін шынайы және адал орындауы сынды мазмұнды әңгімелер өрбіді. Сондай-ақ, халқымыздың тарихында елдің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, елге қызмет етудің тамаша үлгісіне айналған, өзінің жеке басынан ұлттық мүддені биік қойып, елдің қамы үшін еңбек етіп, шын мәніндегі мемлекетшіл тұлғалардың өнегелі өмір жолдары айтылды.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізіп, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында "Мемлекеттік қызмет - халықтың сенімі " атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді бұл күнді әр елде белгілеуді шақырды. 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Ал Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 2013 жылы бекітіліп, 2014 жылдан бастап атап өтіле бастады. Мемлекеттік қызмет –конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.

Мемлекеттік қызмет — ел басқару жүйесінің маңызды тетігі. Оның тиімділігі мен кәсібилігі мемлекеттік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл күнді арнайы атап өту арқылы қоғамымыздағы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттырып, мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын одан әрі нақтылай түсеміз. Елге қызмет ету - қашан да абыройлы міндет!