Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері құрметке бөленді

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері құрметке бөленді

Бүгін Қазалыда 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты шара өтіп, қос саланың қызметкерлері құрметке бөленді.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады.
-Баршаңызды Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі, аудан экономикасының дамуы, қоғамның қауіпсізідгі мен елдің тыныштығын сақтау жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. «Басты міндет – елге қызмет!» деген мазмұны терең, жауапты сөзді еске сала отырып, мемлекеттік қызметші, полиция қызметкері деген абыройлы атақтарға үнемі лайықты болуларыңызға тілектеспін. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, елдің тыныштығын сақтау жолында жасап жатқан игілікті істеріңізбен көпшіліктің алғысына бөлене беріңіздер, - деді аудан басшысы.
Мерекелік шарада туған жердің дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Алғыс хаты» мен «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды.
Салтанатты шара мұнан соң концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары мереке иелеріне ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік қызметкелердің нақты саны – 163, оның ішінде ер қызметкерлер саны 128, әйел азаматтар саны 35 бірлікті құрайды. Ауданда 51 мемлекеттік қызметші 29 жасқа дейінгі жастар. Ал, ауданымызда 100-ден астам полиция қызметкері қоғам тыныштығын сақтау жолында абыройлы қызмет етіп келеді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 маусым 2025 ж. 356 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031