Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақылау бір сәтке де бәсеңдемейді

Бақылау бір сәтке де бәсеңдемейді

Жуырда ауданның барлық мектептерінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шаралары өтті. Мұндай мерейлі шақты түлектер тойлауға асығады. Өкініштісі, соңғы уақытта жасөспірімдердің осындай жиындарының соңы түрлі заңсыздықтардың тіркелуіне әкеп соқтыруда. Тіпті мектеп бітіру күнін атап өту – айналаға қауіп төндірумен аяқталып жатқан жайттар аз емес. Былтыр ауданда орын алған мына бір жағдайды естігенде баршамыз абдырап қалған едік. Белгілі бір мектептің түлегі көлікпен аударылып, жол апатына түскенін барлығы жақсы біледі. Жазатайым оқиғадан соң жасөспірімнің мойнына жауапкершілік жүктелді.
Жуырда аудан аумағында жастар арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алуға бағытталған бақылау жұмыстары бастау алды. Аудан басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің тапсырмасына сәйкес, рейд жұмыстарына тәртіп сақшыларынан бөлек, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, ұстаздар мен ата-аналар жұмылдырылып, жастар жиі жиналатын орындар бақылауға алды. Аталған шара сәрсенбіде кешкі сағат 20.00-де басталып, бірнеше күнге созылады деп жоспарлануда.
Тыныштықты көздейтін топ құрамында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, сондай-ақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев те бар.
Күшейтілген шарада аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтер беймезгіл уақытта жасөспірімдердің жөнсіз жүруін қадағаламақ. Ал аудандық білім бөлімі бекітілген бөлініске сай жұмыстарын жүргізіп, бақылауды жалғастырады.
Жыл сайын келеңсіздіктердің алдын алу үшін аудан әкімінің аппараты мен құқық қорғау органдары, білім беру ұйымдары, жастар ресурстық орталығы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Олар арнайы рейдтер ұйымдастырып, ереже бұзғандарға шара қолданады. Соған қарамастан тәртіпсіздік жылда қайталанады. Бұл қатаң ереже мен талаптың ауадай қажет екенін анық байқатады.
Арайлым ЖҮСІПОВА
21 маусым 2025 ж. 209 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 201

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930