Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылады
Бүгін аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Аудандық филиал төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлының қатысуымен, фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаевтың төрағалығымен өткен отырыста депутаттар салалық бөлімдермен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының ауданда есепті кезеңде жүзеге асырылу барысын талқылады.Сайлауалды бағдарламаның іске асыру шеңберіндегі өңірлік Жол картасында биылғы жылға ауданға қатысты 76 іс-шара болса, оның 21,1% орындалған, қалған шаралар орындалу сатысында.
Бұл мәселе аясында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша шараларды қабылдау жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы баяндама жасады.
Жиында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш орындалмай қалу тәуекелі бар тармақтарға назар аударды. Әр тармаққа жеке тоқтала ұсынысын айтып, оларды орындауға тиісті басқармалармен бірлесе жұмыс жасау қажеттігін айтып, нақты ұсыныстар бере отырып шешілу жолдарын қарастырып, тиісті салалық бөлімдермен қайта пысықтау жұмыстарын жасауды тапсырды.
Мұнан соң фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев сайлауалды бағдарламадағы іс-шаралардың сапалы орындалуы – партияның, депутаттық корпустың және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
#AMANAT














