Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын салалық бөлімдермен талқылады

Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын салалық бөлімдермен талқылады

Бүгін аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының кезекті отырысында фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаевтың төрағалығымен депутаттар салалық бөлімдермен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының ауданда 7 ай бойынша жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сайлауалды бағдарламаның іске асыру шеңберіндегі өңірлік Жол картасында биылғы жылға ауданға қатысты 77 іс-шара болса, оның 23,3% орындалған. Бұл жайында аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков баяндама жасады.

Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша «Jankent Agro» ЖШС күріш өңдеу зауыты толығымен жұмысын бастады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4%-ды құрап, жұмыспен қамтуды арттыру үшін «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған «Жастар практикасы» сияқты жобалар іске асырылуда. Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүруде.
Сонымен бірге кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру бағыттарында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жиында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш орындалмай қалу тәуекелі бар тармақтарға назар аударды. Әр тармаққа жеке тоқтала ұсынысын айтып, оларды орындауға, тиісті басқармалармен бірлесе белгіленген мерзімде жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев сайлауалды бағдарламадағы іс-шаралардың сапалы орындалуы – партияның, депутаттық корпустың және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Ай сайынғы ақпараттарды сапалы ұсыну бойынша бірқатар ескертпелерге тоқталды.

#AMANAT
16 тамыз 2024 ж. 184 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 125

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 80

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 39

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031