Балалар шығармашылығына арналған фестиваль өтті

Аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балалар күніне арналған «Алақай – балақай» атты балалар шығармашылығының аудандық фестивалі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерге қуаныш пен шаттық сыйлап, мерекенің мән-маңызын түсіндіру, сондай-ақ жас өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсету, жас таланттарды халыққа таныту мақсатында өткізілді.
Фестивальге ауданымыздың 10 бөбекжай-балабақшасы қатысты. Шара шымылдығын мәдениет орталығы жанындағы «Ақжелең» би үйірмесінің кіші тобы бүлдіршіндер биі мен республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Болат Асылымның әнімен ашты.
Фестиваль нәтижесі бойынша келесі балабақшалар түрлі номинациялармен марапатталды:
«Алақай – балақай» бағамымен – №7 «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы;
«Үздік ертегі» бағамымен – «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы;
«Шебер ойыншылар» бағамымен – №24 «Жауқазын» бөбекжай-балабақшасы;
«Белсенді топ» бағамымен – №15 «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы;
«Сымбатты топ» бағамымен – №20 «Жайна» бөбекжай-балабақшасы;
«Жарық жұлдыз» бағамымен– №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы;
«Ғажайып ертегі» бағамымен– №28 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы;
«Дарынды балақайлар» бағамымен – №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасы;
«Жұлдызды топ» бағамымен – «Аида» жеке бөбекжай-балабақшасы;
«Көрермен көзайымы» бағамымен – №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы марапатталды.
Фестиваль соңында халықаралық, республикалық, облыстық ән байқауларының жүлдегері Мусағали Әлихан өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Барлық қатысушы өнерпаз бүлдіршіндерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Фестивальдің әділ бағасын берген қазылар алқасы:
Ұлжан Ахметова Рүстембекқызы – білім саласының ардагері, актриса (қазылар алқасының төрайымы);
Тасыбаева Райса Батырханқызы – Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы (қазылар алқасының мүшесі);
Рсалиева Индира Ахметбекқызы – Жәдігер Тұрсынов атындағы халық театрының режиссері, «Балақай» қуыршақ үйірмесінің жетекшісі (қазылар алқасының мүшесі).
[15:12, 04.06.2025] Алтынай Кенжалиева Amanat: АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМНІҢ САЙЛАУЫНА ҮМІТКЕР ҰСЫНЫЛДЫ
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мен кезектен тыс L (50) конференциясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Іс-шараға арнайы Саяси кеңесі Бюросы мен Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелері қатысты. Жалпы 27 бастауыш партия ұйымынан сайланған 34 делегат қатысты.
Ең алдымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтіп, онда 2025 жылдың 29 маусымы күні өтетін Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидат келісілді. Сондай-ақ партияның аудандық филиалының кезектен тыс L (50) конференциясының күн тәртібі бекітілді.
Мұнан соң конференция жұмысы жалғасып,отырыста бір мәселе қаралды. Делегаттардың ашық дауыс беруінің қорытындысымен 29 маусым күні өтетін ауыл әкімнің сайлауына партия атынан ұсынылатын үміткер бекітілді.
Нәтижесінде:
* Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Сералиев Нұркен Жарболұлының кандидатурасы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсынылды.
Маңызды басқосуда аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері Талайлы Бөріқұлақов пен Ибайдулла Тілеп сөз алып, алдағы сайлау науқаны үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Партия ұсынған үміткерге сәттілік тіледі.
#AMANAT