"Ойыншық алу үшін қомақты қаржы салады": Елімізде ойын автоматтары ата-аналар арасында қызу талқыға түсті

Шымкентте "ұстап алу" үлгісіндегі ойын автоматтары көшелерде қаптап тұр. Балалар мен ересектер қалаған ойыншық немесе кәдесый алу үшін оған қомақты қаржы жұмсайды. Мамандардың айтуынша, әр жеңілген сайын балалар түңіліп, күйзеліске түседі.
“Балаларға: "көп ақша төлеп ойыншық сатып алғанша, аз төлеп, тегін ал" деген ой келеді. Бұл балаларға құмар ойынға тәуелді адамдардың ойлау тәсілін қалыптастырады. Олар жұмыс істемей-ақ бәс тігу арқылы ақша табуға болады деп ойлайды”, – дейді оңалту бағдарламасының жетекші маманы Арман Өтебаев.
Заңгерлердің айтуынша, мұндай автоматтар ойын бизнесі санатына жатпайды.
"Ұстап ал" ойын автоматтарында, нәтижені ойыншының ептілігі айқындайды. Сол себепті мұндай құрылғыларды орнату үшін лицензия қажет емес. Олар кәдімгі кәсіпкерлік қызмет ретінде реттеледі. Біріншіден, заң қабылдануы керек. Сарапшы-психологтар мұның балаларға зияны бар деп есептесе, депутаттар алдымен осындай заң қабылдап, кейін бизнесті заңды түрде шектеуі керек”, – дейді заңгер Сергей Уткин.
Бүгінде құмар ойыннан балалардың психикалық және қаржылық денсаулығын қалай сақтау керек деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Депутатойын автоматтарына тексеру жүргізуді ұсынған еді.