Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойыншық – сәбидің серігі

Ойыншық – сәбидің серігі

Баланың ой өрісінің қалыптасуына және саналы ұрпақ болып өсуіне тікелей ата-ананың тәрбиесімен қатар оның көретін мультфильмдері мен ойнайтын ойыншықтары да әсер етеді. Олар баланың жан-жақты дамып, жетілуіне ықпал етеді. Оның дүниетанымын кеңейтіп, тез ойлауына, зияткерлік қабілетін дамытуға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Жалпы айтқанда, балалардың даму процесін қалыптастыратын бірден бір құрал.
Бала ең алғаш ойыншықпен ойнауды және оның түрлерін балабақшадан үйреніп біледі. Осы тұрғыда аудандағы «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының ұйымдастырушы-педагогы Меруерт Тәңірбергеновадан мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын мен ойыншықтың рөлі қандай деген сұраққа қатысты пікірін білуді жөн көрдік.
– Балабақшадағы бала барлық тәрбие негізін өз бойына ойын мен ойыншық арқылы қабылдайды. Себебі мұнда ойды дамытуға арналған электронды «Ақылды қалам», «Ақылды қоян» құрастырмалы әрі робототехникалық және «Жас биолог», «жас химик» сынды ойыншықтар бар. Ол жерде балалар өздерін мамандық иелері секілді сезінеді. Сонымен қиялы, ақыл-ойы дамиды.
Әрбір ата-ана баласына ойыншық таңдағанда оның материалына, иісіне мән беру қажет. Сонымен қатар ойыншық қорабында арнайы штрих кодтың бар-жоғын тексерген дұрыс. Штрих код арқылы тауардың көшірме немесе түпнұсқа екендігін ажыратуға болады. Бір сәттік қуаныш үшін кейде осындай қарапайым дүниелерді ескермей, кейін өкінішті жайттарға тап болады. Мұндайды болдырмас үшін баланың тұтынатын заттарының сапалы әрі қауіпсіз болуы қадағалануы тиіс, – деген пікірін жеткізді.
Қазір дүкен мен базарларда бүлдіршіндер тұтынатын ойыншық түрі көп. Соның ішінде өздігінен сөйлейтін, жүретін, әртүрлі қимыл-қозғалыс жасайтын, түрлі конструкторлар да бар. Бұлар баланың қызығушылығын оятып, қиялын дамытады. Осы ретте Қазалы ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация бөлімінің басшысы, психолог маман Айгүл Тлеумбетовадан баланың дамуында ойыншықтың маңызы қандай деген сауал жолдадық.
– Ойыншық – әрбір сәбидің серігі. Балдырғанның ойлау қабілеті артып, сана сезімі жетіледі. Қоршаған ортаны таниды. Арманына қанат бітіріп, алға жетелейді. Әр баланың өз ойыншығы болуы тиіс. Осы арқылы олар жалғыздықтан құтылады. Қуыршағымен сөйлеседі, құшақтайды, өлең айтып береді, ұрысады, жұбатады, кейде ашуын ойыншығынан алып, лақтырып, аяқ-қолын жұлып тастайды. Көрдіңіз бе, бір ғана ойыншықпен бала қаншама эмоцияларды басынан кешіреді. Бұған қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады, – дейді А.Үсейінқызы.
Ата-аналар көбіне балаларды интеллектуалды тұрғыда дамытатын емес, өздері сұраған, яғни күнделікті мультфильмнен көретін кейіпкерлерінің бейнесін алып береді. Соңғы уақытта сұранысқа ие Лол қуыршақтары, оның үйі, машина-трансформер, қыздарға арналған ас үй жабдығынан тұратын ойыншықтар және тағы да басқалары бар.
Дүкен мен базарларда сатылатын ойыншықтардың сапасын, көшірме не түпнұсқа екендігін ажырату өте қиын. Ойыншықтар жасайтын компания мен өндіріс орындары көп жағдайда табысты көздегендіктен қауіпсіздігі мен сапасына емес, көбіне сыртқы келбеті мен бояуына мән береді. Мұндай ойыншықтардың басым бөлігінің құрамында шамадан тыс қауіпті қоспа болуы мүмкін. Шетелден келген тауардың көп жағдайда сапасыз болуы сәбилердің денсаулығына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сөреде тұрған түрлі ойыншықтың барлығы дерлік сертификатталған тауар деп айту қиын. Мұндай жағдайда құзырлы мекеме сатылымдағы тауарды тексеріп, талапқа сай еместерін алып тастау керек.
Ал отандық бренд ойыншықтардың бағасы қымбаттығынан көпшіліктің қалтасы көтермейді. Сондықтан да кейбір ата-ана балалары үшін арзан, әрі сапасыз ойыншық сатып алып беруге мәжбүр.

Арайлым ЖҮСІПОВА
27 ақпан 2021 ж. 5 708 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930