Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы сауықтыру лагеріне мониторинг жүргізілді

Жазғы сауықтыру лагеріне мониторинг жүргізілді


Аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов «Шағала» лагеріне арнайы барды. Негізгі мақсат - нысанның жай-күйімен танысып, жаңа маусымға дайындығын зерделеу.

Мониторинг барысында білім бөлімінің басшысы лагердің ағымдағы жағдайы мен дайындық барысын таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жаңа маусымда балалардың жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін қолға алынған шараларға тоқталды.

Партия өкілдері оқушылардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, олар лагерьдің материалдық-техникалық базасын жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар білдірді. Балалардың демалыс уақыты тиімді өтуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет екенін жеткізді.
28 мамыр 2025 ж. 443 0

5 облыста жол жабылды

30 желтоқсан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031