Ерекше балалардың үйден оқу жұмыстарына мониторинг жүргізілді
Бүгін «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында үйден білім алатын ерекше қажеттілігі бар бірқатар балалардың жағдайы және оқу процесіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты, бас дәрігердің орынбасары Күншығар Әбілов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Надира Аманкелдіқызы мен сала мамандары қатысты.
Мониторинг жұмыстары барысында партия өкілдері әр баланың ата-анасынан балалардың қазіргі жағдайын сұрап, олардың оқу процесіне қатысты пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, ата-аналарға партияның әлеуметтік жобалары аясында кез-келген уақытта партия алаңына келіп, ұсыныс-пікірлерін және талап-тілектерін білдіру мүмкіндігі бар екені айтылды.
Ата-аналар өз кезегінде дәрімен тұрақты түрде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын жеткізді. Олар балалардың білім алуы барысында ешқандай кемшіліктер жоқ екенін, сонымен қатар, уақытылы денсаулығына қатысты тексерулер жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Өз кезегінде аманаттықтар ұсыныстар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілетінін, ерекше қажеттілігі бар балалардың жағдайын жақсарту, оларды қолдау шаралары тұрақты түрде жалғастанын жеткізді.
#AMANAT