Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында салынған жайлы оқу орнын көрді

Сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында салынған жайлы оқу орнын көрді



Бүгін «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Еркін Дәрібаев пен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Сапар аясында аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әлішпен бірге бірқатар нысандарды аралап, бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.

Бірінші кезекте партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Жанқожа батыр ауылында салынып, наурыз айында пайдалануға берілген №94 орта мектепті көрді.

Мектеп директоры Әділхан Садиров Жайлы мектептің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, ішкі және сыртқы инфрақұрылымымен таныстырды.

Оқу жылында 295 оқушы білім алған. 45 мұғалім еңбек етеді. Бастауыш және жоғары сыныптар бөлек блоктарда оқиды. Мобильді трансформер парталармен, әмбебап акт және кең спорт залымен, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.

Өз кезегінде Еркін Асубайұлы әрбір баланың сапалы білім алып, қолайлы ортада тәрбиеленуі партияның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сапардың негізгі мақсаты да партияның осы секілді әр саладағы бастамаларының жергілікті жерлерде іске асырылу барысымен танысу екенін атап өтті. Ал облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы оқу орнының заманауи мүмкіндіктерін толық пайдалану және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Айта кетейік, биылғы жылы партияның сайлауалды бағдарламасын ауданда іске асыру аясында 76 шара жоспарланған. Олардың ішінде шалғай елді мекендерді ауыз сумен қамту, газдандыру, инфрақұрылым желілерін тарту, жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі, орташа жөндеу және т.б. жұмыстар бар.

#AMANAT
27 мамыр 2025 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031