Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Елдесу және татуласу» жобасы аясындағы этномедиация бойынша оқыту жалғасуда

«Елдесу және татуласу» жобасы аясындағы этномедиация бойынша оқыту жалғасуда

Достық үйінде «Елдесу және татуласу» жобасының аясында этномедиация бағыты бойынша кезекті оқыту семинары өз жалғасын тапты. Семинар этномедиаторлардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталып, дау-жанжалды тиімді реттеу мен шешу дағдыларын тереңдетуге арналды.
Күн тәртібі бойынша алғашқы бөлім үй тапсырмасын талқылаудан басталды. Қатысушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Ал теориялық және практикалық бөлім «Этномедиаторлардың дау-жанжалды реттеу және шешу бойынша медиативтік құзыреттілігі» тақырыбына арналды. Бұл сессияда тараптардың мүдделері мен қарсылықтарымен жұмыс істеу, қайшылықтар аймағын анықтап, түйісу нүктелерін табу, сондай-ақ тараптардың ұстанымдары мен қағидаларын нақтылау тәсілдері қарастырылды. Іскерлік ойын форматында ұйымдастырылған тәжірибелік тапсырмалар қатысушылардың нақты жағдайларда әрекет ету шеберлігін арттыруға бағытталды.

Семинардың келесі бөлімі жағымды атмосфера құру мен медиативті байланыс орнату тақырыбын қамтыды. Раппорт орнату, айна тәсілін қолдану, белсенді тыңдау және дұрыс сұрақ қою секілді маңызды дағдылар талқыланды. Қатысушылар аталған әдістерді тәжірибеде қолдану арқылы этномедиация үдерісін тиімді жүргізудің жолдарын меңгерді.

Семинар барлық қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе мен білім көзі болды. Жоба аясындағы оқыту сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 
28 мамыр 2025 ж. 894 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 143

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 127

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031