Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҚҰРАЛЫ

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҚҰРАЛЫ


Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Этномедиация кеңесінің ұйымдастыруымен «Этномедиация – татулық пен келісім құралы» атты кеңейтілген отырыс өтті. Шараға облыстық Ассамблея өкілдері, этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, білім беру мекемелерінің мамандары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны модератор ретінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Дәулет Омаров ашып, жиын қатысушыларын құттықтады. Өз сөзінде ол этномедиация институтының елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызына тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жиында екі күнге созылған облыстық семинар-тренингтің қорытындылары да сараланды. Аталмыш семинарда Халықаралық деңгейдегі медиатор-жаттықтырушы Жанділда Әжіғалиұлы Жақыпов қатысып, этномедиациядағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Ж. Жақыпов қатысушыларға этномедиация үдерістерінің құқықтық, мәдени және психологиялық қырларына терең үңіліп, тың идеялар ұсынды.

Семинар барысында облыстық ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы, эксперт-медиатор Жанна Мирамбекқызы, кеңес мүшесі, теолог-дінтанушы Бақтияр Есенгелдіұлы Оспанов, №5 И. Панфилов атындағы мектеп-лицейі директорының орынбасары Толқын Бақытқызы Тастаева мазмұнды баяндамалар жасап, өз салаларындағы тәжірибемен бөлісті.

Отырыс аясында семинарға белсенді қатысқан мамандарға арнайы сертификаттар табысталды. Жиын соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, этномедиация саласын одан әрі дамыту жолдарын бірлесе талқылады.

Іс-шара қорытындысында Жанділда Әжіғалиұлына кәсіби еңбегі мен құнды тәжірибесі үшін ресми алғыс хат табысталды.

Жиынды қорытындылаған Дәулет Омаров:
– Халқымыз «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деп бекер айтпаған. Ел ішіндегі татулық пен өзара түсіністікті нығайтуда медиаторлар қауымының орны ерекше. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасын табады деген сенімдеміз, – деп түйіндеді.

Бұл шара этносаралық қатынастарды реттеу мен халық арасындағы өзара құрметті арттыруда этномедиацияның тиімді құрал екенін тағы бір мәрте көрсетті.
28 мамыр 2025 ж. 447 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 130

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031