Тралалело Тралала: тренд әлде тажал

Экран адам санасын белгілі бір бағытқа бағыттаудағы таптырмас құрал, ұтымды құрал. Соңғыкездері телефонға телміріп отырған қанша жас жалған, жағымсыз әрекеттер жетігінде кетіп жатқаны көпті алаңдатады. Бүгінде барлық әлеуметтікжелілерді «жарып» тұрғанжаһандық трендтегі осынау мульткейіпкерлер туралы дабыл қағылса да, олар туралы көрсетілім аспандай түсуде.
«Әрқашан қызымның қызығушылығына қолдау білдіріп отырамын. Алдайда кейбір дүниелерін түсінбеймін. Өткен жылы қорап келсе, басына киіп алатын. Бір күні үй әжетханасына қуыршағының басын қойып, қылқындырып жатқанын көрдім. Жақында маған пластикалық ыдыстың түбін ойып беруімді өтінді. Себебін сұрағанымда, Балерино Капучино болатынын айтты. «Ол кім, маған айтып берші», – дегенім сол еді, 5 жасар қызым сайрап, оның өмір тарихын айта жөнелді. Ұғынғаным, бұл қатардағы мультфильм емес, ересектікке басталған жол. Қазір қызымның көңілін басқа арнаға бұру жұмыстарын жүргізудемін», – дейді Альбина Нұрасыл.
Қорқуға себеп жоқ емесТүсініксіз бейнелер туралы ІТ саласы маманынан сұрап білдік.
«Қорқуға себеп жоқ емес. Егер осы бейне қазақша титр арқылы берілсе, балаларымыз не көріп жүргенін ұғар едіңіз.
Жасанды интеллект арқылыжасалғанфантастикалықжануарларбейнесі 2010–2024 жылдарытуған альфа ұрпақты баурап алған.
«TikTok»,«InstagramReels» пен «YouTubeShorts»-тағы ең танымал бейне кейіпкерлер арқылы желі миллиондаған қаралымын арттыруда. Олардың бейнелері бейнеленген киімдер, ойыншық, ыдыстар да елімізге еш кедергісіз келіп жатыр. Ықшам форма өтімді.
2025 жылы «TikTok» платформасында пайдаболған интернет-мем алғаш рет 2025 жылдың 13 қаңтарында TikTok-та @amoamimandy.1a есімді қолданушы жариялаған видеодан бастау алады. Қазір автордың парақшасы бұғатталғанымен, әуеннің өзі әлі де әуелеуде, – дейді Бауыржан Ербақов.
Жаныңыздағы жаудан абай болыңыз
«Бомбардиро Крокодило» және «Тралалело Тралала»-ны білмейтін бала кемде-кем. Тіпті әлі тілі шығып үлгермегендердің өзі осы қиын сөздерді еркін, мүдірмей айта алды. Бұл ата-ананың баланы тынышталдыру үшін телефонды оңай бере салатынын білдіреді. Өскін көргенін қайталайды. Ойыншықпен ойнап отырып, екінші бір бейне жасап алып, қатаң түрмен екінші ойыншыққа шабуылдап жатқанын байқағанда, онымен жан-жақты жұмыс істеуімізге тура келеді. Ата-аналарға да ескертеміз. Кейіпкерлердің мағынасын қазір шулап жазып жатыр. Менің байқағаным, олар бала дамуына емес, керісінше, зұлымдық әрекетке ойланбай баруға, өз ойын қашан да дұрыс деп тануға дағдыландырады. «Көк киттің» жолын аяқ киімді көк акула қайталамасын десек, жаныңыздағы «жаудан» абай болыңыз», – дейді тәрбиеші Таңшолпан Еркін.
Кейіпкерлер кімдер?
2024 жылы Оксфорд сөздігі «Жыл сөзі» деп атады «Brainrot» –ағылшын тілінен аударғанда «ми шіруі» деген мағынаға ие екен. Тралалело Тралала құбылысындағы жасанды интеллект арқылы жасалған, ойлау мен реализмге бағынбайтын бейнелер қазір көп.
Алғашқысы – Бомбардиро Крокодило. Қолтырауын мен әскери ұшақтың біріккен бейнесі. Мамандар бейненің көбіне Палестинадағы әуе шабуылдарын сипаттайтын айтады.
Бастың орнында капучино шынаяғы тұрған балерина Балерина Капучино Капучино Ассасиноның бұрынғы жары. Капучино Ассасино дегеніміз – катана ұстаған қаһарлы стакан-киллер.
Ұшақ пен қаздың гибриді Бомбомбини Гусини Бомбардиро жақтасы.
Бейсбол таяғын ұстаған ағаш полено Тунг Тунг Тунг Сахурдың есімін үш мәрте қайталасаң, қасыңнан қалмайды.
Аюдың қолы бар, семіз еркек-балық – Триппи Троппи. Ол суасты патшалығының иесі.
Лирили Ларила – кактус пен пілден біріккен бейне. Кейіпкер уақытты басқаруға қауқарлы және болашақты болжай алады.
Жасырын камерамен жүрген көгершін аты Шпионио Голубио.
Мафиямен байланысы бар қарапайым ғана бобер – Бобрито Бандито.
БомбардироКрокодилоның мультфильмде «Unfottutoalligatorevolan techevola e bombarda i bambini a Gaza e in Palestina. Noncredein Allah e amalebombe» деп айтылатын итальян тіліндегі диалогы кездеседі. Ал оның қазақша баламасы «Газа мен Палестинадағы балаларды бомбалап жатқан аллигатор. Ол Аллаға сенбейді және бомбаларды жақсы көреді» дегенге саяды екен. «Know Your Meme» сайтында келтірілген мәтінде: «Trallallero Trallalla, құдайды және Алланы балағаттаймын. Мен ақымақ баламмен Fortnite ойнап отыр едім, кенеттен әжем – Орнелла Леккакаппелла келіп, Бургер деген ақымақтың бізді кешкі асқа шақырғанын айтты...», – деген.
Бұдан басқа ондаған кейіпкердің сөзі мен кейпі қандай өзге қасиеттерді бойға ұялатып жатқанын ешкім тап басып айта алмайды.
Роликте ойналатын «Trallallero Trallalla» атты ән мәтінінің итальян тілінде нақты мағынасы жоқ, ырғақты дыбыстардан түзілгенін айтады тақырыпты зерттеушілер.
Цифрлық қауіпсізідк – маңызды фактор
Көтерілген мәселеге мемлекет те «мойын бұруда». ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті деструктивті контент жайында мәлімдеме жасаған. «Адырна» ақпараттық арнасының айтуынша, сырттай бей күнә көрінгенмен, іштей бұрыс бағыттағы идеяларды сіңіретін интернеттегі мультфильмдердің көбейгеніне алаңдаушылық білдіру қажет.
Бұл орайда нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлену үстінде. Қозғау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолданған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан ақпаратта: «Балаларыңыздың не көріп жүргеніне, кіммен араласатынына және интернетте қандай тақырыптарды талқылайтынына ерекше назар аударуыңызды сұраймыз. Балаңызбен үнемі сөйлесіп, оның сыни ойлау қабілетін және зиянды ақпаратқа қарсы иммунитетін дамытыңыз. Күдік тудыратын контентті байқасаңыз, бірден тиісті органдарға хабар беріңіз. Баланың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігі үшін ең маңызды фактор – сіздің белсенді қатысуыңыз», – делінген.
«Құбыжық достар» құрдымға жібермесін
«Маман ретінде мульфильмді көріп шықтым. Байқағаным, ұсынылымнан деструктивті бейнелер табын оңай табуға болады. Біріккен бейнелердің танымал мемге айналуының өзі сананың уланған, бір уақытта бірнеше ойды қатар ойлап, қойыртпақ, түсініксіз пікір арасында адамдардың өмір кешіп жатқандығын көрсетеді. Цифрлық қолжетімділік балаларды сабыр мен шыдамнан айырып, бойындағы агрессияны үдетіп, моральдық құндылықтарына кері әсерін тигізіп келеді. Моблильді ойындардың өмірді қалай өзгертіп жатқандығын күнделікті естіп-біліп жүрміз. Сондықтан психоэмоциялық жай күйге қауіп төндіретін«құбыжықдостар» құрдымға жібермесін десек, бала не көріп отырғандығын бақылаңыз», – дейді психолог Лиля Арзахметова.
Уақытша құбылыс
«Бұған дейін де «Турбозаврлар», «Құтқарушылар», «Фиксиктер», «Трансформерлер: Құтқарушы боттар» сынды мультфильмдер көрсетіліп, жылы қабылданды. Сіз айтып отырған бейнелер де соның жалғасы. Мағынасын ешкім түсінбейді. Бірақ жеңіл, күлкіге құрылған бейнелерден сонша шошудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тәрбиелік мәні жоқ шығар. Министрліктер қазақша еңбектерді сондай дәрежеге жеткізу үшін жұмыс істесін. Менің ойымша, бұл уақытша құбылыс. Сосын менің толқындастарым ненің жақсы, ненің жаман екенін аңғара алатын түсініктері бар буын деп ойлаймын», – дейді Бейбарыс Қали.
Дайындаған Алтын МЕЙІРХАНОВА