Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хоррор кейіпкер: Қорқыныш па, қауіп пе?

Хоррор кейіпкер: Қорқыныш па, қауіп пе?

Фото: коллаж BAQ.KZ
Хагги Вагги, Кисси Мисси, Сиреноголовый... Түрлері ұсқынсыз болғанымен балалар арасында танымал кейіпкерлер. Алайда хоррор кейіпкерлердің ойыншықтары бүгінде балалар арасында сұранысқа ие, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Балалар неге қорқынышты дүниелерге әуес? Оның соңы қатігездікке алып келмей ме?

Психолог Сымбат Әбдірахманова балалардың Хагги Вагги сынды қорқынышты бейнелерге, ойыншықтарға қызығушылығы – олардың эмоционалды және танымдық дамуының бір бөлігі деп есептейді.

    Психология ғылымында бұл "қолдан жасалған қорқыныш", яғни ағылшын тілінен аударғанда benign masochism немесе қауіпсіз ортада қорқынышты бастан кешіру ұғымымен түсіндіріледі. Мысалы, балалар қорқынышты ертегі тыңдағанда немесе мультфильм көргенде шынайы қауіп жоқ екенін біледі. Олар сол эмоцияны бақылауда ұстай алатынын түсінеді. Бұл эмоционалды өзін-өзі реттеуді дамытуға көмектеседі, - деп түсіндірді маман.

Зерттеу мысалына сүйенсек, 2016 жылы жүргізілген бір зерттеуде (University of California) мектеп жасындағы балалардың 70%-ы өз еркімен "қорқынышты" деп сипатталған ойыншықтармен ойнауды таңдаған.

    Бірақ бұл таңдау олардың агрессия деңгейінің артуына әкелмеген — керісінше, бұл әрекет қиялды дамыту мен күрделі эмоцияларды өңдеудің бір жолы болып шыққан. Қорқынышты дүниелерге әуестік — әр балада болатын табиғи кезең. Бұл олардың қатігез болып өсуіне себеп болмайды. Бірақ ол үшін ересектер тарапынан бақылау мен түсіндіру жұмысын жүргізулері қажет, - дейді Назарбаев университетінің психологы.

Бұл қандай жаста қалыпты?

Маманның айтуынша, 4-7 жас аралығы – қиял мен шынайылықтың арасы көмескі болатын кезең. Бұл жаста бала ертегі мен шынайы өмірдің арасын ажырата алмайды.

Психоаналитик Зигмунд Фрейд бұл кезеңді "ертегілер сатысы" деп атаған. Ол кезде бала қорқынышты кейіпкерлер арқылы ішкі күйзелістерін жеңуге тырысады.

    Piaget-тің когнитивті даму теориясы бойынша, бала 2-7 жас аралығында preoperational stage кезеңінде болады. Бұл кезде оларда анимизм, яғни жансыз затты тірі деп елестету жиі кездеседі. Хагги-Вагги секілді ойыншықтар сол қиял әлемінің бір бөлігі ретінде қарастырылады, - дейді Сымбат Әбдірахманова.

Психология не дейді?

Балалар бұрыннан бері қорқынышты нәрселерге қызыққан. Психология ғылымы баланың мұндай жағдайы – психологиялық тұрғыдан қалыпты қызығушылық екенін меңзейді.

Балалар қараңғы үйге кіру, "қорқынышты бөлмелерге" саяхат жасау, ертегідегі "қасқыр", "мыстан кемпір" сынды кейіпкерлермен ойнау арқылы батыл болуды, өз қорқынышымен күресуді үйренеді.

Зерттеу мысалы: Америкалық психолог Джером Кэган (Harvard University) зерттеуінде балалардың қорқынышпен ойнауы – олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесетінін көрсеткен.

Бұл арқылы бала қауіп төнген кезде өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.

    Сонымен қатар, қорқынышты рөлдерді ойнау – эмоцияны қауіпсіз түрде өңдеудің бір жолы. Бұл баланың қиял, рөлдік ойын және эмпатия қабілеттерінің дамуына ықпал етеді, - деп атап өтті Назарбаев университетінің психологы, мультипликатор Сымбат Әбдірахманова.

Хоррор кейіпкерлер қауіпті ме?

Хагги-Вагги, Кисси-Мисси сияқты ойыншықтар өздігінен қауіпті емес.

    Дегенмен бұл кейіпкерлер баланың жалғыз ойынына айналып, ол олармен үнемі агрессиялы сценарий құрып жүрсе, бұл баланың ішкі күйзелісін көрсетуі мүмкін. Егер бала ойыншықты қауіп немесе күш көрсету құралы ретінде қолдана бастаса, бұл жасырын агрессияны немесе эмоционалдық қиындықтарды білдіруі мүмкін, - дейді мамандар.

Алайда егер бала оны тек мультфильм кейіпкері ретінде қарастырса және басқа ойын түрлерімен де ойнаса, бұл қауіп төндірмейді.

Қандай жағдайда ата-ана алаңдауға тиіс?

Ата-ана мына жағдайларда дабыл қағуы керек:

    Бала басқа балаларды немесе жануарларды Хагги-Вагги секілді "жоюға", "қорқытуға" тырысса;

    Баланың ұйқысы нашарласа, қорқынышты түс жиілесе;

    Баланың ойын репертуары тек қорқынышты және агрессиялы ойыншықтармен шектелсе;

    Ол өз-өзімен жиі сөйлесіп, шындықтан алшақтай бастаса;

    Әлеуметтік қарым-қатынасқа қызығушылығы жоғалса, алаңдайтын жайт, - дейді Сымбат Әбдірахманова.

Мұндай белгілер байқалса, психолог немесе педагог маманның көмегіне жүгіну қажет.

Психолог кеңесі: ата-ана ойын мазмұнына емес, баланың эмоциялық реакциясына назар аударуы керек.

Ата-аналар балалардың не киіп, немен тамақтанатынына ғана емес, санасында ақпараттық кеңістігі неге толы екеніне бір сәт мән бергені абзал.
27 мамыр 2025 ж. 838 0

Мопед мінген осы деп...

27 мамыр 2025 ж. 422

Жаңашылдыққа бетбұрыс

27 мамыр 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031