Көп жылдардың өткізген соң арасын
Туған жерге оралып бір барасың.
Жас күндегі сәби құрбыларыңды
Кәрілерден іздеп әрең табасың, – деп басталатын ақын Әбілда Тәжібаевтың мағыналы шығармасы бар-тын. Алпыс асуды артқа тастаған бұл қауышу бір сәтке бал шақты ойға оралтып, өткен мен кеткенді санамалауға себепкер болды. Арада жылдар өтіп, уақыт алмасса да адамның бір-біріне деген сыйластық, қимастық, тілеулестіктің тамыры үзілмегенін келелі кездесу ұғындырды.
Бұл күнде маусым айы жылы жүдесу кезіңіне айналды. Шәкірттік шақтарын бірге өткізген сан түлек алтын ұясына оралып, білім мен тәрбиені зерделеген құтты қоныстарына тағзым етеді. Бір кездері Қазалы ауданындағы Аранды ауылынан түлеп үшқан тұлектер араға 60 жыл салып, бас қосты.««Түлектер кездесіпті» дегенді еститінбіз. Бірақ жарты ғасырдан асқаннан кейін басымыз бұлай қосылады деп ойламаппыз. Әр нәрсеге себепкер болады. Мектеп бітіргенімізге 60 жыл толған мерейлі кезге орай сыныптасымыз Сәнімкүл жиналу туралы ұсынысын жыл басында ортаға салды. Қолдадық. Ауданда тұратын қыз-жігіттер ұзамай дайындық жұмыстарына кірісіп кетті», – дейді Болат Асаубаев.
«Сабақты ине сәтімен» деген. Сыныптастар кездесудің мән-мағынасын ұғынған соң, бір-бірін түгелдейді. Сол кезде Аранды ауылдық округінің орталығы болған бүгінгі Аранды аулындағы №25 мектепті 1965 жылы тәмамдаған түлектер тізімі түзіледі. Байланыссыз қалғандар ізделіп, алыс-жақындарға хабар жеткізіліп, өмірден озғандардың жақындары мен ұрпақтарына хабар жеткізіледі.
Молдабай Қожабаев басшылық еткен мектептің бұл сыныбына Ақанжан Келімбетов пен Шәпеш Нарымбетова сыныды өзі ісінің шеберіжетекшілік етіпті.
Сыныптастар қатарындағы Қасқырбай Әлімбаев – Алматы ауылшаруашылығы институтының түлегі. Ауданның экономика, ауылшаруашылығы саласының өрістеуіне сүбелі үлесін қосқан мемлекеттік қызметкер бірнеше жыл «Халық қалаулысы» болды. Әлі де ат үстінен түспеген ол белгілі кәсіпкер. Әбілқасым Пірәлиев, Қуантқан Сахиев,Жеткерген Қалданов, Ерпайыз Имашев, Сәнімкүл Елубаева,Қазына Сексенбаев, Шынжан Тоғысова,Нәкен Жұмахметова,Айнаш Келмағамбетова Қызылордадағы педагогикалық институтынан жоғары білім алып, сан шәкірттің сәулесін оятқан ұлағатты ұстаздар. Жоғары санатты мұғаліңмдер қатарында мектеп директорлары, завучы да бар. Павлодар қаласындағы құрылыс институтын бітіргенБолат Асаубаев та туған жердің түлеуіне атсалысқан азамат. Айшуақ Абатова, Айшым Тарғынова,Рзагүл Ұзақбаева – тұтыну саласының майталмандары. Бауыржан Махамбетияров антына адал дәрігер болса, Ақбике Жұмабекова ауылшаруашылығы саласының ғылыми қызметкері. Бұғыбай Нұртазаев,БахуадинНұргітов,Жайылхан Жаңабергенов еңбек көркін қыздырған жұмысшылар. Ажаркүл Қожахметова, Шәкен Қанатбаева, Күлмәриям Ниязымбетоваотбасының ұйытқылары, еңбек ардагерлері атанды.
Алыстағы ауылдан шығып, елдің әр тарапында түрлі қызмет атқарған түлектер бұған дейін бірлі-жарым той жиында 5-6-дан басы құралғаны болмаса, басқосуға мүмкіндіктері болмапты. Мектеп бітіргелі бірінші рет сағындырып жолықтырған жүздесудің әсерінен әлі де ажырамағанын айтады ардагер ұстаз Сәнімкүл Елубаева.
–Арамыздан мектеп бітірген соң бір-бірін көрмеген жандар да табылды. Сабақ үлгерімі өте жақсы сынып болдық. Қазіргідей «үздік куәлік», «қызыл аттестат», «алтын белгі» дегендер ол кезде болған жоқ. Соның арқасы шығар, ұл-қыздарымыз жақсы азамат болып қана қоймай, жақсы кадрлар мектебін қалыптастырып, өскелең буын тәрбиелеуге атсалысты, – дейді мақтанышпен. Айтса, айтқандай-ақ, 20 бітірушінің 15-і мектеп бітірген жылы оқуға түседі.
Мамырдың 16-18 аралығында өткен шараға ауыл-аймақтан бөлек, Алматы, Орал, Қызылорда, Астана қалаларынан қатысушылар мен қонақтар келеді.
Арнайы жайылған дәмнен ауыз тиеген құрбы-құрдастар«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп шараны «Жанқожа батыр» мешітіне барып, өмірден өткендер рухына арнап, құран бағыштаудан бастайды.
Қазалының көрікті жерлерін аралап, тойханадағы үлкен дастарқан басына жиналады. Бағдарламаның маңызды бөлігін құрайтын орында сыныптастар өздері оқушы кезде киген киімдері үлгісінде келіп, мектеп вальсін шыр айнала билейді. Шәкірт атанған шақтан естеліктер айтылып, фото шежіре жасалып, жұмбақтарға жауап береді. Ән салып, жақсы тілектерімен бөліседі.Естелік суретке түсіп, ұйымдастырушылардың мақтау қағазы үлестіріледі. Мұнан соң туған жерлері Қожабақыға ат басын бұрады.
««Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дейді қазақ. Бір ғасырда бір буын ауысып үлгереді, ал оның жартысы адамның кемелденіп, өмірден өз орнын табуына жеткілікті. Әр кезеңнің өз жүгі бар. Бір кезде балғын бала болсақ, кеше жастық оты ауаулаған жалынды жұмысшы, қызметкер болып, күшімізді тұрмыстыңтіктелуінебағыттадық. Бүгінгі биігіміз тәуелсіз Қазақстанның дамуына оң көзқарас, ағалық қолдауымызды білдіріп, жас ұрпаққа өрісті жол, өнегелі сөзімізбен үлгі болу», – дейді Қасқырбай Әлімбай.
«Үлкендік –ұлағат. Ата-анамыз өмірден өтсе де, көзін көргендер олар туралы айтып, көңілді алабөтен күйге бөледі. Кездесуде өмірге құштар, айтары бар ақсақал, аналардың үлгілі үрдісін, кең пейілін көрдім. Бұл ас ішіп, аяқ босату емес, берекенің ұйытқысы, бүгінге бағыт сыйлайтын келелі кеш болды», – дейді Қанат Қуантқанұлы.
Сөз басында ақынның мазмұнды жырын сөз еткенміз. Сол өлеңнің:
...Сүрт көзіңді деппін оған суланған,
Күлген болам кісідей-ақ қуланған.
Өз көңілімді қайтсем екен қиналған,
Өз көзімді қайтсем екен буланған,
– деген қатарындағыдай, достар «жетпіс жылдық жүздесуде аман-есен қауышуды нәсіп етсін!» деп қимастықпен тарқасты.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА