Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қорғаны боламын

Ел қорғаны боламын

Жеңістің 80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне орай «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында «Ел қорғаны боламын» тақырыбында балабақша тәрбиеленушілері арасындағы байқауы өтті. Музыка жетекшісі Рсалы Бержанованың ұйымдастыруымен өткен шараны балабақша меңгерушісі Гүлнұр Ережепова құттықтау сөзімен ашты.
Батыр бабалар жүрген жолдар мен ерлік істер туралы түсінікті кеңитуге бағытталған тәрбие жұмысында балалар отансүйгіштікті ұлықтап, өнерді сүю, бір-біріне жанашырлық сынды игі қасиеттерді жүректеріне ұялата білді.
Көрермендерге бір топ бишілер «Батырлар рухы» атты композиялық биді ұсынды.
Байқауға «Балауса» ортаңғы тобының атынан қатысқан Аруназ Абзалжан «Мен жауынгер боламын!» әнін орындады. Ақкөгершіндік арулар Айханым Бақытжан «Ұлы Отан», Гауһар Табысбек «Катюша», Айсезім Тілеубай «Жеңіс күні» әндерін рухтана шырқады. «Ел қорғауға әзірміз» әнімен «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Асылы Мыңбосын көпті тәнті етті. «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Медина Нұрланқызы «Жеңіс туы желбіреп» әнін айтты.
Орындау шеберлігі, тілі, сахналық мәдениеті сынға түскен сайыс қорытындысымен Айсезім Тілеубай бірінші орынды бұйдаласа, екінші орынды Аруназ Абзалжан қанжығалады. Үшінші орынға Гауһар Табысбек ие болды. Өзге қатысушыларға да номинациялар мен сыйлықтары табысталды.
Бағдарламаны хор ұжымының«Тәуелсіз елдің ұланы »атты әні аяқтады.
Шынар СЕРМАҒАНБЕТОВА
17 мамыр 2025 ж. 182 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930