Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

ШҚО, СҚО, сондай-ақ Абай облысында, Ақмола өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күн суытып, сынап бағаны -1-ден -6°С дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі.

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
19 қыркүйек 2024 ж. 284 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 158

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 145

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 136

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 137

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930