Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы отан соғысы ардагерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ұлы отан соғысы ардагерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қазалылық 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеннің шаңырағына барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

«Бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өміріміз үшін біз Өздеріңізге, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне мәңгілік қарыздармыз. Соғыс жылдарындағы батырлық пен табандылық ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. «Қариясы бар үй – қазыналы» дейді халқымыз. Өздеріңіздей тұлғаларға қарап бой түзейміз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым саясаты – ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету болса, «AMANAT» партиясы аға буынға құрметпен қарап, қамқор болуды өзіне негізгі міндет санайды. Сізге зор денсаулық, елімізге амандық тілеймін», – деген Алмасбек Әбілқасымұлы майдангерге мерекелік құттықтау табыстап, шапан жауып, сый құрмет көрсетті.

Ғасыр жасаған Тілеуберген Тобабергенұлы 1924 жылы Қазалы ауданы, Жамбыл колхозында дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, Смоленск, Белоруссия, Польша, Чехословакия, Кёнигсберг және Берлин қалаларындағы ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Соғыстан кейін Германияда тұтқындарды күзету қызметін атқарып, 1947 жылы елге оралған.

Кейін теміржол саласында абыройлы еңбек етіп, зейнетке шыққан. І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Берлинді азат еткені үшін», «Жуков» медалімен және басқа да жеңістің түрлі мерейтойлық мерейтойлық медальдармен марапатталған. «Қазалы ауданының құрметті азаматы».

#AMANAT
05 мамыр 2025 ж. 430 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930