Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп тұзаққа түсті! Украина қандай шешім қабылдаса да жеңілген! - Глобалистер

Трамп тұзаққа түсті! Украина қандай шешім қабылдаса да жеңілген! - Глобалистер

Фото: alash.kz
Глобалистер АҚШ президенті Дональд Трамптың Зеленскийді қайта қасына жақындатып үлкен қателік жасағанын жазды. Бұл туралы “Легитимный” телеграм-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды
ALASH.KZ edaily басылымына сілтеме жасап.

“Кенеттен (Ресей президенті Владимир) Путин Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа бітім жариялады. Біздің деректеріміз бойынша, бұл соңғы бітім. Бұдан әрі не толыққанды бейбіт келіссөздер басталады, не қақтығыс қайта өршиді. Қызығы, Трамп өзін-өзі тығырыққа тіреп қойды: ол Ақ үйдегі жанжалдан кейін Зеленскийді қайта өзіне тартты. Енді барлық артықшылық глобалистердің қолында. Олар уақытты пайдаланып, Трампты Украина дағдарысына тартып, оны сонымен байланыстырып қойды”, — деп жазады арна.

Глобалистерге әрі бейбітшілік, әрі соғыс тиімді — кез келген жағдайда олар ұтады. Трамп үшін біршама тиімді шешімдер бар болғанымен, бәрібір оның беделіне нұқсан келеді. Ал Украина қандай жағдай болмасын, жеңіліп қалған, деп атап өтеді “Легитимный”.

“Қазір бейбіт келісімге келу мүмкіндігі — 40%. Глобалистерге Украина дағдарысынан құтылып, кейін бәріне Трампты кінәлап, ‘егер ол ақша мен қару берсе, жағдай басқаша болар еді, Кремльді жеңуге болар еді’ деп айту тиімді.

Ал соғысты жалғастыру мүмкіндігі — 60%. Глобалистер соғысты созып, Трампты толыққанды ойынға тартуға мүдделі. Егер ол кейін шегінсе және Киев жеңілсе де, бәрібір кінә Трамптың мойнына артылады, глобалистер емес, өйткені олар Зеленскийге бейбіт келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеген.

Себебі глобалистер оған арналған медиалық тұзақтарды алдын ала дайындап қойған.

Ал Украина болса, қандай шешім қабылданса да, жеңілген”, — деп жазады “Легитимный”.
29 сәуір 2025 ж. 51 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 175

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 177

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 227

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930