Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ пен Украина келісімге келді

АҚШ пен Украина келісімге келді

Фото: ашық дереккөз
Киев пен Вашингтон арасында Украина табиғи ресурстарын, атап айтқанда сирек кездесетін металдар, мұнай мен газды бірлесіп игеру туралы келісім жасалды. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Вашингтон аударған қаржысын қайтаруды талап еткеннен кейін Киев екеуара тиімді келісімге келуге шақырған.
Саяси сарапшылардың болжамына сәйкес, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барып, келісімге қол қоюы мүмкін және ол бұл істі 28 ақпанда, жұма күні атқаруды жоспарлап отыр.
«Әрине, егер ол менімен бірге қол қойғысы келсе, қарсы болмаймын. Бұл өте маңызды екенін түсінемін», дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Келісімге сәйкес, арнайы қор құрылып, Украина болашақта мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруден түскен табыстың жартысын осы қорға аударып отыратын болады. Бұл қор Украинадағы жобаларға инвестиция құюмен айналысады.
Украин шенеуніктері осы келісім Киев пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға септігін тигізеді деп үміттеніп отыр.
Айта кетейік, өткен аптада Дональд Трамп Владимир Зеленскийді «заңсыз сайланған диктатор» деп атап, егер ол жақын арада бейбіт келісімге қол жеткізбесе, елінің болашағы болмайтынын мәлімдеген еді.
26 ақпан 2025 ж. 161 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930