Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Манипуляция жасамай, шешімге кел, бізге парад емес адам өмірі маңызды!: Зеленский Путинге шұғыл үндеу жариялады

Манипуляция жасамай, шешімге кел, бізге парад емес адам өмірі маңызды!: Зеленский Путинге шұғыл үндеу жариялады

Фото: alash.kz
Украина президенті Владимир Зеленский дереу 30 күндік бітім жариялауды ұсынды. Бұл туралы ол Telegram-арнасындағы дәстүрлі кешкі үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды
ALASH.KZ.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс мерейтойы күндерінде — 8 мамыр түнгі 00:00-ден 11 мамыр түнгі 00:00-ге дейін бітім жариялаған болатын.

Зеленский Ресей ұсынған бітімді «манипуляция жасау әрекеті» деп атады. Оның айтуынша, Украина наурыз айында АҚШ-тың атысты толық тоқтату туралы ұсынысын қабылдаған.

«Енді тағы бір манипуляция әрекеті: бәрі неге екені белгісіз, 8 мамырға дейін күтуі керек, тек Путинге парад өткізу үшін тыныштық қамтамасыз ету мақсатында. Біз адам өмірін бағалаймыз, парадтарды емес. Сондықтан біз — және бүкіл әлем — 8 мамырға дейін күтудің қажеті жоқ деп есептейміз. Бітім бірнеше күнге ғана жарияланып, кейін қайтадан қантөгіске оралмауы керек. Ол дереу, толық және сөзсіз жариялануы тиіс — кемінде 30 күнге, қауіпсіздік пен кепілдік үшін. Бұл — шынайы дипломатияға бастайтын негіз», — деді Зеленский.

Украина Сыртқы істер министрлігі де 30 күндік бітімге қолдау білдіріп, оның кез келген күннен басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путин Пасха мерекесіне байланысты 19 сәуір күні сағат 18:00-ден 21 сәуір түн ортасына дейін бітім жариялаған еді.

Алайда екі тарап та бірін-бірі бітімді бұзды деп айыптаған болатын.

АҚШ та Кремль ұсынған бітімге өз реакциясын білдірді. АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің айтуынша, Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы тұрақты бітімге қол жеткізуді қалайды.
29 сәуір 2025 ж. 58 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 175

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 177

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 221

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930