Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс күніне орай республикалық патриоттық форум өтті

Жеңіс күніне орай республикалық патриоттық форум өтті

Kyzylorda-news.kz Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Жастық жалынымыз – сүйікті отанымызға!» тақырыбында республикалық патриоттық форум өтті.
Патриоттық форум колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды. Форум аясында «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі ұйымдастырылады.
Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді.
Бүгінде өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда. Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған «Мәншүк маршының» мақсаты – жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру. Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.
23 сәуір 2025 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930