Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берденовті атқан адам оның қол астында жұмыс істеген

Берденовті атқан адам оның қол астында жұмыс істеген

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті кеше кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімшілік ғимаратының жанында атып кеткені белгілі. Журналист, белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков болған жағдайды қаладағы құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жеке өзім бұл жағдай Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін деп ойлаймын, букмекерлерге қатысы бар дегенге күмәнім бар. Тек бүгін ғана осы тақырыпта қатаң жиналыс өтті. Маған Русланға қоқан-лоққы жасалғанын айтқан еді, - деп жазды кәсіпкер өзінің Telegram-арнасында.

Сондай-ақ ол оқ атқан адамның Руслан Берденовтің қол астында жұмыс істегенін, әкімдікке қарасты ЖШС-нің басшысы болғанын және жуырда жұмыстан босатылғанын да жазды.

Өкпесі мен бауырына зақым келген. Бірақ бәрі жақсы болады, - деп қосты Бейбіт Әлібеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-депутат, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарладық. Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады.

Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді. Сондай-ақ оны нақты не үшін атып кеткені айтылды
22 сәуір 2025 ж. 261 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930