Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы мамандығы – жаңа мүмкіндік

Жұмысшы мамандығы – жаңа мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.«Жұмысшымамандықтаржылы» деп жариялауы қоғамүшінмаңыздыәріөзектіқадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және "Мансап" орталығының ұйымдастыруымен №266 мектеп-лицейде семинар-кеңес, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен ашық есік күні өткізілді.
Аталған шараға сонымен бірге, аудандық прокуратура, көліктік-техникалықколледжі, аграрлы-техникалықколледжі, №266 мектеп-лицей әкімшілігі және аудандағы жұмыс берушілер өкілдері қатыстырылып, мектеп бітірушілерге кеңестер мен түсіндірмелер берілді.
Жиынға арнайы шақырылған тігін шеберханасының меңгерушісі жеке кәсіпкер Өтебике Сағидуллаева және ағаш бұйымдары цехының меңгерушісі жеке кәсіпкер Талғат Ембергенов кәсіби мамандықтары жөнінде қатысушыларға кеңінен түсініктеме берді.
2009 жылдан бастап дизайнерлік білімін жетілдіру бағытында кәсіпкерлік саласында әр түрлі дизайнда жиһаздар, ғимараттың ішкі және сыртқы лестницаларын және үйге қажетті барлық бұйымдарды дайындайтын іскер, табанды еңбегімен табысқа жетіп келе жатқан кәсіпкер Талғат Ембергенов Аманбайұлы бүгінгі күнге дейін атқарған жұмысы мен жетістіктері жайында мектеп оқушыларымен бөлісті. Жәрмеңкеде 48 жұмыс берушіден 108 бос жұмыс орындары ұсынылды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

19 сәуір 2025 ж. 231 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031