Оңалтудың инновациялық құралдары: мүгедектігі бар балалардың жай-күйі жақсарды

«Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының іске асырылып жатқан жеті айында 247 бала оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын алды. 178 балада оң динамика байқалады (72%), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мен «Қазақстан Халқына» ҚҚ арасындағы үшжақты меморандум аясында Қазақстанның 4 өңірінде (Абай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Шымкент қ.) «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» пилот жобасы іске асырылуда, ол оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын өтеусіз жалға беруді көздейді.
«Қазақстан Халқына» ҚҚ 1309 оңалтудың инновациялық техникалық құралын сатып алу жоспарлануда. 2024 жылдың тамызында алғашқы транш жүзеге асырылып, 400 оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын жеткізілді.
Сондай-ақ, жобаны іске асыру шеңберінде ӘҚСДҰҒО филиалдарының мамандарын және оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын алған балалардың ата-аналарын үйде оңалту іс-шараларын жүргізу бойынша оқыту жүргізіледі.
Мәселен, Шымкент қаласында ӘҚСДҰҒО филиалы базасында «Аяқ-қолдарды жаттықтыруға арналған «Thera-trainer tigo Pediatric» тренажерін практикалық қолдану» атты екі күндік семинар өткізілді. Оған жобаны іске асыруға атсалысқан 14 маман қатысты. Оқытуды Ресейден келген дәрігер-реабилитолог, «БЕКА РУС» компаниясының өкілі Дэвид Эрнандес жүргізді.
Тренажердің көмегімен бірнеше жаттығу бағдарламасы әр пациент үшін оңтайлы режимді таңдауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде балаларды оңалту қысқа мерзімде аяқталады. Кіріктірілген бағдарламалық қамтылым бірнеше жаттығу профильін ұсынады: нейро, орто, кардио және изокинетика. Оңалту үшін оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын бермес бұрын ата-аналарды оқыту 10 күнге дейін жүргізіледі, содан кейін тренажер баланың тұрғылықты жеріне жеткізіледі және оны мамандар белгілейді. Ата-аналарға оңалтудың инновациялық техникалық құралдарынмен жұмыс істеу алгоритмі тағы бір рет көрсетіліп, мобильді қосымша арқылы сабақтарға күнделікті мониторинг жүргізіледі, – деді ӘҚСДҰҒО бас директорының орынбасары Шолпан Бөлекбаева.
«Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының өзектілігі мүгедектігі бар балалар санының динамикалық өсуімен, әсіресе, жүйке жүйесінің ауруларымен және тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен байланысты. Оны іске асыру мүгедектігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ олардың оңалту әлеуетін арттыруға бағытталған.