Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейіргер мерейлі мамандық

Мейіргер мерейлі мамандық

Денсаулық кез келген адам үшін баға жетпес байлық! Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Міне, менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған ауылымыздың түлегі,бірімізге бала, бірімізге аға-іні болатын азамат Қазалы көпбейінді аудандық аурухананың Рентген Эндоваскулярлы хирургия бөлімінде аға мейіргер болып жұмыс атқаратын Тоқтар Әлімжан туралы болмақ.
Тоқтар 1994 жылы 11 маусымда «Бозкөл» ауылында дүниеге келіп, Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебінің 9-сыныбын бітіріп, Ақтөбе медицина колледжінен фельдшер мамандығын меңгерген. 2013-2015 жылдары Ақтөбе жедел-жәрдем бөлімінде еңбек жолын бастаған. 2016 жылы өзі өскен ауылына келіп, «Бозкөл» ауылдық ауруханада фельдшер болып атқарған. Осы жылдары Тоқтар алдына келген қандай науқасты болсын, өзінің мамандығын өте жоғары деңгейде меңгерген маман ретінде емдеп, өзін көрсете білді. Жалпы медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді. Міне, осы салалардың бәрінде өз тәжірибесімен көзге түскен жас дәрігер «Жедел-жәрдем» мамандығында тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диогноз қойып,алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізсе ал фельдшер маманы дамыл таппай, күн-түн демей жұмыс істеп халыққа қызметімен жаққан. 2020 жылдан бері Қазалы көпбейінді аудандық ауруханада жұмыс жасайтын Тоқтар Әлімжан қазіргі таңда инфарк, инсультке операция жасап, бүйрекке стеньд салу емдерін жасайтын бөлімде көмекші аға мейіргер.
Медицина саласының маманы болу – үлкен мәртебе. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті зейінді, өз мамандығын игеру жолында бағалы үлесін қоса білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі.Өз ортасында беделі мен абыройын қатар алып жүрген Тоқтар бірнеше мәрте еңбегінің жемісі ретінде облыстық,аудандық алғыс хат иемденіп, «Батыл медаға» атанған». Жалпы медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау», – деген сөз іспетті. Міне, осы жолда ақ халатты абзал жан Тоқтарға еңбегің жана берсін демекпіз.
Ләззат ӘБДІХАЛЫҚОВА,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
12 сәуір 2025 ж. 55 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930