Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табыс көзіне айналған табиғи өнім

Табыс көзіне айналған табиғи өнім

Өткен жылдан бастап адам ағзасына пайдалы дайын таңғы ас гранола өнімі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Осы пайдалы таңғы асты дайындауды қазалылық кәсіпкер Лаура Ізетуллақызы қолға алды. Ол алғашында граноланы үй жағдайында балаларының таңғы ас мәзіріне қосып, таңғы асқа жылы сүтпен немесе йогуртпен пайдаланған. Кейін бұл құнарлығы жоғары және дәрумендер мен микроэлементтерге бай таңғы асқа қызығушылығы артып, арнайы оқу курсына қатысып, сертификат иеленген. «Ясина» таңғы ас өнімін өндіруші кәсіпкермен кездесіп, өнім туралы кеңірек білуге тырыстық.
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер Лаура Ізетуллақызының «Ясина» атауымен шығарып отырған гранола өнімін тек аудан тұрғындары ғана емес көршілес Арал және облыс орталығы Қызылорда қаласының дүкендерінің сөрелерінде сатылуда. Бұл өнімді серуендеп жүрсеңіз де, жұмыста не үйде болсаңыз да сүтке, айранға, йогуртқа араластырып жеп, иммунитетіңізді жоғарылатуға әбден болады.
Лаура Ізетуллақызы мұғалім. Өз жұмысымен қоса, кәсіпті де дөңгелетіп отырған жайы бар. «Ауыл аманаты» жобасы аясында қажетті қаражатқа қол жеткізген ол алға қойған мақсатын орындау үшін білек сыбына кіріседі. Арнайы аппараттар мен пеш алған. Қаптаманы да өз идеясымен дайындайды. Күніне 50-60 шығарады. Әйтеке би кентіндегі «Рамазан», «Марлен», «Тоғай» сауда орталықтары мен «Халықтық», «Ноғай», «Назерке» дүкендерінен «Ясина» граноласын табасыз. Қазалыдағы «Шипафарм», Байқоңыр қаласындағы «РС-Фарм» дәріханасынан да бұл өнімді сатып ала аласыз.
Гранола – сұлы жармасы, жаңғақтар, жемістер, бал, өсімдік майынан жасалған қытырлақ күйге дейін пісірілген пайдалы таңғы ас. Дұрыс тамақтану ережелеріне сәйкес келетін жылдам дайындалатын тағам, құрғақ таңғы ас. Көптеген рецепттер бар. Дегенмен бір нәрсе өзгеріссіз қалады. Міндетті түрде құрамында сұлы немесе олардың баламасы - қара бидай, күріш, қарақұмық немесе өнген бидай болады. Қосымша кептірілген жемістер құрма, қара өрік, мейіз, кептірілген өрік, жаңғақ пен тұқымдар, жеміс-жидектер, дәмдеуіштер қосуға болады. Құрғақ ингредиенттер шәрбатпен немесе балмен араласып, қытырлақ күйге дейін пісіріледі. Пісіру кезінде ұсақталған құрылымды сақтау үшін қоспаны уақытымен араластырып отырады. Оған сүт, қышқыл сүт өнімдерін, балғын немесе қаптамадағы шырындарды қосуға болады.
Ал біздің кейіпкеріміз дайындайтын граноланың құрамы мынадай. Қарапайым классикалық түріне сұлы, грек жаңғағы, асқабақтың, шемішкенің дәні, мейіздің екі түрі, кепкен шие қосып жасайды. Ал да  түріне кешью, бадам, фундук қосады. Өзінің арнайы сиробымен пеште дайындайды.
Өнім құрамындағы дәрумендер, минералдар, талшықтар және басқа қоректік заттар сіздің ағзаңызға нағыз керегі. Өзі өндіріп отырған өнім туралы кәсіпкер Лаура Ізетуллақызынан сұрағанымызда:
– Ас қорыту процестерін қалыпқа келтіру үшін пайдалы. Талшық ішек жиырылуын ынталандырады, асқазан-ішек жолдары арқылы тағамның қозғалысын, оның қорытылуын және заттардың сіңуін жеңілдетеді. Рациондағы талшықтың жеткілікті мөлшері жүрек-тамыр жүйесінің күйі мен жұмысына оң әсер етеді. қандағы триглицеридтердің деңгейі төмендейді. Гранола – ағза үшін қуат көзі, ұзақ тоқтық сезімін қамтамасыз етеді, грелин – аштық гормонының түзілуін азайтады. Бұл әсерлер шамадан тыс тамақтануды болдырмайды және тіпті отырмалы өмір салтында да салмақ жоғалтуға көмектеседі, –деп пайдасымен бөлісті.
Қоспаға бадам және грек жаңғағының қосылуы оны жүйке жүйесінің толық жұмыс істеуі, жүрек және қан тамырларының жұмысының бұзылысының алдын алу үшін қажетті омега май қышқылдарының көзіне айналдырады. Мұндай таңғы ас егде жастағы адамдарға, сондай-ақ денсаулығын қадағалайтындар үшін де пайдалы екен.
– Гранола – марганецтің көзі болып табылады, ол бауырдың, бүйректің жұмыс істеуі және ағзадағы зат алмасу процестері үшін маңызды. Бұл элемент энергияны бөлуге көмектеседі. Сондай-ақ қоспада бос радикалдарды бейтараптандыратын, ерте қартаюды болдырмайтын және бізге әсем көрінуге көмектесетін табиғи антиоксидант С дәрумені бар. Граноланың құрамында құрамында темір және оның сіңуіне қажетті компоненттер бар. Гранолаға сүт, йогурт, шырындар қоссаңыз болады. Температурасы 30 ° C аспайтын суық сұйықтықты қосқан дұрыс. Әйтпесе, қоспа ісінеді, дәмін және кейбір пайдалы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Гранола баяу көмірсулардың, соның ішінде глютеннің көзі екенін есте сақтаған жөн. Сондықтан кейбір адамдар ас қорытудың жағымсыз көріністерін сезінуі мүмкін, –дейді кәсіпкер.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 сәуір 2025 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930