Кәдімгі қара шай ішіп те арықтауға болады

7 күндік шай диетасы
1-күн – күні бойы тек сүзбе жейсіз. Ал, шайды тамақтанудан жарты сағат бұрын қантсыз ішу керек. Сүзбенің күндік мөлшері: таңертең – 120 грамм, түскі асқа – 100 грамм, ал, кешкі тамаққа – 110 грамм жеген жеткілікті. Суды тамақтану барысында ішпеген дұрыс.
2-күн – тауық етінен тұрады. Таңғы асқа 100 гр. тұзсыз қайнатылған тауық еті, түскі ас – 150 гр., кешкі асқа 140 грамм ұсынылады.
3-күн – тек шай ішуге рұқсат етілген. Шайға сүт қатып ішуге болады.
4-күн – алма жейтін күн. Таңғы асқа 3 дана алма, түскі уақытта – 2 дана алма, бесін асқа 1 алма жеу ұсынылса, кешкі асқа тағы 3 данасын жеуге болады. Арасында шай ішуді де ұмытып кетпеңіз. Лажы болса алманың көк түстісін таңдаңыз.
5-күн – таңғы асқа қайнатылған 100 гр. сиыр еті, түскі асқа 120 гр. ет, кешке 110 грамм ет дайындайсыз. Мұның барлығын бірге пісіріп, мөлшерімен бөліп қойсаңыз, кешке дейін жейтін асыңыз дайын тұрады.
6-күн – сәбіз күні. Таңғы ас – үккіштен өткізілген 2-3 дана сәбіз бен 1 шай қасық бал. Түскі ас – 3 дана үккіштен өткізілген сәбіз бен 1 ас қасық бал, кешкі ас – 3 дана шикі сәбіз.
7-күн – ботқа күні. Таңғы асқа 1 тәрелке ұнтақ жармасынан дайындалған ботқа жейсіз. Ботқаға жаңғақтар мен кептірілген жемістер қосуға болады. Ал, түскі және кешкі асқа 1 тәрелке ботқадан жеу ұсынылады. Бірақ, ештеңе қосудың қажеті жоқ. Тамақтанудан бұрын шай ішіп алу керектігін естен шығармау керек. Диетаның негізгі шарттарының бірі - күніне 2 литр қара шай ішу міндетті.