Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай елшісі АҚШ-тың санкциясына қатысты пікір білдірді

Қытай елшісі АҚШ-тың санкциясына қатысты пікір білдірді

Қытай Халық Республикасы Америка Құрама Штаттарының соңғы енгізген "өзара тарифтеріне" байланысты өз ұстанымын жариялады. ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь АҚШ-тың бұл әрекетін көпжақты сауда жүйесіне жасалған қысым деп бағалап, Қытайдың қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ осы аптада Қытайдан импортталатын тауарларға баж салығын 34%-дан 84%-ға дейін көтерген болатын. Қытай жауабында 10 сәуір күні 12:01-ден бастап дәл осындай мөлшерде АҚШ өнімдеріне қосымша тарифтер енгізілетінін жариялады. Елші Хань Чуньлиннің айтуынша, бұл - Қытайдың ұлттық мүддесін, егемендігін және экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шара.

АҚШ-тың бұл саясаты – біржақты қысым көрсету мен экономикалық бопсалаудың айқын мысалы. Олар өз мүдделерін халықаралық ережелерден жоғары қойып отыр. Бұл әрекеттер халықаралық сауда тәртібіне зиян келтіріп, әлемдік рецессия қаупін арттырады, – деді елші.

Елші АҚШ-тың бұл жолы да тарихтағы қателікті қайталап отырғанын еске салды. 1930 жылғы Смута-Хоули заңынан кейін дүниежүзілік тарифтік соғыс туындап, жаһандық экономика ұзақ мерзімге тоқырауға ұшыраған болатын.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тарифтік соғыстан ең алдымен қарапайым америкалық тұтынушылар жапа шегеді. Йель университетінің болжамына сай, тарифтердің артуы орташа америкалық отбасыға жылына 4 200 доллар шығын әкелуі мүмкін.

Хань Чуньлинь Қытайдың ашық әрі бейбіт экономикалық даму бағытын жалғастыра беретінін айтып, Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікке ерекше тоқталды.

Қазақстан – Қытай үшін сенімді серіктес. 2024 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 43,82 миллиард долларға жетіп, 6,8% өсім көрсетті. Біз жаһандық сауда жүйесін қорғауда бірге әрекет етуге дайынбыз, – деді ол.

Қытай жағы халықаралық сауда дауларын тек бейбіт диалог пен кеңес арқылы шешуді жақтайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, БҰҰ, ДСҰ, ШЫҰ және БРИКС аясындағы бірлескен әрекеттерді күшейтуге шақырды.
10 сәуір 2025 ж. 163 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930