Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Істі аяқтаймын". Трамп Қытай саудасын шайқалтатынын айтты

"Істі аяқтаймын". Трамп Қытай саудасын шайқалтатынын айтты

Фото: insta: realdonaldtramp
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін импортқа тарифтерді күрт көтерді. Бұл — жай жауап қана емес, сауда жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда майданы қайта ушықты. Президент Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға 125% көлемінде баж салығын енгізіп, бұл қадамды Пекиннің 84%-дық жауаптық тарифіне қарсы әрекет деп атады.

Қытай бұл әрекетімен бізге құрметсіздік көрсетті, - деді Трамп журналистерге.

Бірақ бұл тек бір реттік жауап емес. Трамптың айтуынша, бұл - президент ретіндегі оның алғашқы мерзімінде "аяқталмай қалған істі" жалғастыру.

Бізге дұрыс істерді аяқтауға уақыт жетпеді. Енді соларды жасап жатырмыз, — деді ол.

Президенттің көздегені - Қытайдың әлемдік өндіріс орталығы ретіндегі орнын шайқалтып, қазіргі жаһандық сауда жүйесін түбегейлі қайта қарау. Трамп еркін сауданың орнына протекционизм идеясын алға тартуда - яғни, отандық өндірісті қорғау, шетелден келетін тауарларға тосқауыл қою арқылы америкалық бизнеске жол ашу.

Қытай қазірдің өзінде әлемдегі электромобильдердің 60%-ын, аккумуляторлардың 80%-ын шығарып отыр. Бұл - Трамп әкімшілігінің басты бәсекелесі әрі басты нысанасы.

Алайда сарапшылар АҚШ-тың бұл қатаң саясатына Пекиннің қалай жауап беретініне сенімді емес. Қытай үшін экспорт - экономикалық қуат пен ұлттық беделдің тірегі. Сонымен қатар, ел ішіндегі ақпаратты қатаң бақылап, америкалық технологиялық компанияларға тосқауыл қойып отыр.

Енді жағдай үш сұраққа тіреліп тұр:
1. Қытай келіссөзге келуге дайын ба?
2. Егер келсе, өз экономикасын түбегейлі реформалауға бара ма?
3. Ал АҚШ шынымен еркін саудадан бас тартып, протекционизм бағытын ұстануға дайын ба?

Егер екі алпауыт мәмілеге келмесе, бұл текетірес бұрынғыдан әлдеқайда ауқымды әрі қауіпті сипат алуы мүмкін. Сауда емес, үстемдік үшін күреске айналуы ғажап емес.

Бұған дейін, АҚШ Қытайға қатысты сауда баждарын бірден 125%-ға дейін көтеруді жоспарлап отырғаны туралы жазған болатынбыз.
10 сәуір 2025 ж. 157 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930