Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дженнифер Лопестің Қазақстанға келуі Үкіметте талқыланды

Дженнифер Лопестің Қазақстанға келуі Үкіметте талқыланды

Фото: instagram.com/jlo
Премьер-министр Олжас Бектенов 1 тамызға жоспарланған америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында "Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов әлемдік жұлдыздың концертін ұйымдастыру жоспарын бөлісті. Премьер-министр бұған қолдау білдіріп, мұндай бастама маңызды екенін жеткізді.

"Сізбен бірнеше рет кездесіп, әлемдік жұлдыздарды тарту жөніндегі жоспарларыңызды талқыладық. Қолыңыздан келгеніне қуаныштымын. Бұған дейін ұзақ жолдан өткеніңізді білемін. Өйткені мұндай концерттерді ұйымдастырушыларға өте жоғары талаптар қойылады", - деді Бектенов.

Үкімет басшысы Қазақстан ауқымды мәдени іс-шараларды өткізу үшін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. Олжас Бектенов осы бағытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге уәде берді.

"Қазақстан осындай іс-шараларды өткізудің тұрақты орнына айналуы үшін бұл жұмысты жалғастыру қажет. Біз Үкімет тарапынан барлық қажет қолдауды көрсетеміз", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің 1 тамызда Астанада өтетін концерті ел бюджетіне 400 миллион теңге кіріс әкелетіні хабарланды. Бұл туралы Astana Venue Management компаниясының бас директоры Мәлік Хасенов мәлімдеді.
09 сәуір 2025 ж. 222 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930