Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

«БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерден Ибраев және «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Назар Көптілеуовпен кездесті.
Онда «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының жай-күйі және туризмді дамыту мәселесі талқыланды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысына өткен жылғы іссапарында «Бәйтерек» кешені құрылысын тексерген болатын. Аймақ басшысы жобаны уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.
«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ең ірі жобасы. Құрылысты аяқтау мерзімі 2028 жылдың мамырына, ал алғашқы ұшу сынақтары 2025 жылдың аяғына жоспарланған. Кешеннің жылына 6-8 зымыран ұшыруға мүмкіндігі бар. Жоба «Байқоңырдың» белсенді жұмысын қамтамасыз ету, қала тұрғындарын жұмыспен қамту үшін аса қажет.
Туризмді дамыту және «Байқоңыр» кешенінің мәдени әлеуетін пайдалану бағытында да жұмыс жүргізілуде. Қазақстандық тараптан туристік қызметті жүзеге асыратын ұйым ретінде «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы және «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны анықталды.
Қалаға және ғарыш айлағына электронды форматта рұқсаттама рәсімдеу, «Байқоңыр» кешенінің туристік нысындарына баруға өтінім ұсыну мерзімін қысқарту мәселелері пысықталуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
03 сәуір 2025 ж. 343 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031